• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:51:22
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыдағы Түрксіб ауданында тағы бір тегін сырғанау алаңы ашылды

Түрксіб ауданында орналасқан «Март» сауда орталығында жаппай сырғанауға арналған тағы бір тегін мұз айдыны ашылды

Түрксіб ауданында орналасқан «Март» сауда орталығында жаппай сырғанауға арналған тағы бір тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ .

Бұл сырғанақ алматылықтар мен қала қонақтары үшін екі техникалық үзіліспен (мұзға байланысты) тәулік бойы тегін жұмыс істейді. Оның жалпы көлемі 722 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, алаң конькилерді жалға беру және тамақтану орталықтарымен қамтамасыз етілген. Олар демалыс күндері 11:00-ден 23:00-ге дейін, ал  жұмыс  күндері 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді 1 сағатқа жалға алу 600 теңгені құраса,  қонақтар өз конькилерімен  келіп тегін сырғанауға мүмкіндік алады.

«Бұл сырғанақ өте керемет екен, Медеудегідей. Осы уақытқа дейін көптеген ареналарға барып жүрдік, енді осы жерге жиі келіп тұратын боламыз. Бүгін біз достарымызбен өз конькиімізді алып келдік. Қанша уақыт сырғанасан да өз қалауын, ал коньки алам дегендерге бағасы да арзан екен. Ұйымдастырушыларға рахмет», – деп Илья мен Эдвард өз ойларымен бөлісті.

Айта кетер болсақ, желтоқсанның 1-і  күні осындай тегін мұз айдындары Жібек жолы – Абылай хан көшесінде және Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағының алдында ашылған болатын. Олардың жалпы аумағы 800 және 840 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, барлық мұз айдындары жаңа жылдық безендіру стилінде рәсімделген. Бірнеше күндерден кейін тегін мұз алаңдары Әуезов ауданында, Жандосов көшесіндегі “Дубок” ықшам ауданында (жалпы ауданы 924 шаршы метр), Бостандық ауданында “Вилла дей Фиори” кешенінің маңында (600 шаршы метр), Медеу ауданы “Спартак” (Орталық мәдениет және демалыс саябағы) стадионында (800 шаршы метр), Алатау ауданы “Саялы” ықшам ауданында және Наурызбай ауданыңдағы № 174-ші гимназияның маңында іске қосылады.

Аталған мұз айдындар тек жаппай сырғанауға арналған. Олар қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді. Жоба ұйымдастырушысы Алматықаласының әкімдігі болып табылады.

Мұз айдындарын қаланың барлық қонақтары мен тұрғындары тәулігіне 24 сағат бойы пайдалана алады. Сырғанайтын жерлерде келушілер үшін тамақтанатын орындар мен конькийлерді жалға алу ұйымдастырылған.Конькийлерді 1 сағатқа жалға алу құны 600 теңге. Жалға беру орындары жай күндер таңғы сағат 10-нан түнгі 22.00-ге дейін, ал демалыс күндері күндізгі сағат 12.00 ден 00.00-ге дейін істейді.

Айта кетсек, «Мұз, балалар, спорт алаңдары қалалықтардың таза ауада спортпен шұғылдануларына жақсы жағдай жасайды. Мұз айдындарына өз конькийлерімен келіп, отбасымен бірге сырғанауға болады», - деп Алматы әкімі БауыржанБайбек атап өткен болатын.

Алматыда соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды. Бұл - қаладағы әрбір бесінші аула.«Менің ауламдағы спорт» бағдарламасы аясында 6 мың бала кәсіби нұсқаушылармен бірге аулалардағы 75 спорт алаңдарында жаттығуда. 2020 жылға дейін қаланың барлық 600 спорт алаңын қамту жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір