• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:14:50
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Экономика

Алматыдағы ең қымбат пәтерлердің үздік бестігі (фото)

Ондай пәтерлерде тұрғыңыз келсе, ай сайын пәтер ақысының өзіне кемінде 1 млн теңге жұмсаймыз.

Бүгінде Алматыда 80-ге жуық элиталы пәтер жалға беріледі. Ондай пәтерлерде тұрғыңыз келсе, ай сайын пәтер ақысының өзіне кемінде 1 млн теңге жұмсаймыз. Әркімнің қалтасы көтере бермейтін премиум-апартаменттің ең қымбат бес түрін Крыша.kz жариялаған екен. Назарларыңызға ұсынамыз.

Бесінші орын. Медеу ауданы AFD Plaza тұрғын үй кешеніндегі төрт бөлмелі пәтер. Тұрғын үй кешені 2014 жылы тұрғызылған.

Алматы

Алматы

Пәтердің жалпы аумағы 172 шаршы метрді құрайды. Ас үй, санитарлық торап, балкон, лоджия, паркинг және бақылау камерасы бар пәтердің қауіпсіздігі де жоғары деңгейде қамтамасыз етілген.

Ал бұл пәтерде тұрғыңыз келсе, ай сайын 1,5 млн төлеуге міндеттісіз. Бір қызығы, пәтер кішкентай балалары бар отбасыларға жалғы берілмейді екен.

Төртінші орын. «Горный гигант» ауданында орналасқан «Эдельвейс» тұрғын үй кешеніндегі төрт бөлмелі пәтер. Аумағы 322 шаршы метрді құрайды.

Алматы

Алматы

Алматы

Үй 2012 жылы салынған. Ішінде қажетті жиһаздың бәрі бар. Тұрғын үй кешендеріне тән мұнда да күзет, видео бақылау, видео домофон,  кодталған құлып пәтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрады. Ал пәтер үшін ай сайын 1 650 000 теңге төлейсіз.

Үшінші орын. 2015 жылы салынған Esentai Apartments кешеніндегі бес бөлмелі пәтер.

Алматы

Алматы

Жалпы аумағы – 240 шаршы метрлі пәтерде тұрғыңыз келсе, айына 1,7 млн теңге төлейсіз.

Екінші орын. Бостандық ауданы «Мирас» ықшам ауданында орналасқан «Жайлау» тұрғын үй кешеніндегі 4 қабатты пәтер.

Алматы

Алматы

Пәтердің жалпы аумағы – 205 шаршы метр. Айына 2 млн теңге төлеп тұрасыз.

Сонымен қатар, екінші орында «Алмалы» тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі пәтер де бар. Тұрғын үй кешені 2013 жылы салынды.

Алматы

Алматы

Жалпы аумағы – 180 шаршы метр. Мұнда да айына 2 млн теңге төлеп тұра аласыз.

Рейтингтің көшін бастап тұрған ең қымбат пәтер Esentai Apartments тұрғын үй кешеніндегі екі қабатты пентхаус. Пәтер 18 қабатты үйдің 12 қабатында орналасқан.

Алматы

Алматы

Алматы

Жалпы аумағы – 540 шаршы метр. Мұнда айына 4,2 млн теңге төлеп тұра аласыз.

Элиталы пәтерлердің көбі қаланың тау жақ бөлігінде – Медеу және Бостандық аудандарында орналасқан. Жалпы аумағы кемінде 150 шаршы метрді құрайды. Ал пәтерлердің ең ескісі 2009 жылы салынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір