• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:25:10
Алматы
+35°

10 Шілде, 2018 NEWS

Алматыдағы алып тиінді жасау үшін  23 млн теңге кеткен

Негізінен тиін «Алматы – Жылы қала» жобасы аясында салынған.

Дүйсенбіде «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы алдында алып тиін орнатылды. «Тиін» арт нысанын жасап шығарғандар оның құнын да айтып берді.

Funk креативті агенттігінің басшысы Майра Измаилованң айтуынша, тиіннің құны 23 миллион теңгеге шыққан. Оның 15 миллионы мемлекет қаржысынан алынса, 8 миллионды агенттіктің өзі шығарыпты.

Ал барлығы 16 арт-нысан болған көрінеді. Бәрінің бағасы 78 миллион теңгені құрады.

Мүсіннің жалпы биіктігі 12 метр. Оны жасау үшін 7 тонна металл, 3,5-4 тонна ағаш кеткен. Сабанның мөлшері де сондай.

Негізінен тиін «Алматы – Жылы қала» жобасы аясында салынған. Авторы британдық танымал қоғамдық паблик-арт суретші Алекс Ринслер. Жоба бастамашыларының пікірінше, алматылық «Тиін» қаланың жаңа көрікті жеріне айналып, тұрғындар мен туристер жиналатын орын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір