• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:06:23
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда журналистер үшін «медициналық сақтандыру» жөніндегі семинар өтті

Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру мәселелері жөнінде қазақ тілді БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық білім беру семинары өтті.

Алматы қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру мәселелері жөнінде қазақ тілді БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық білім беру семинары өтті, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады. 

Семинарды Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Баспасөз клубының қолдауымен ұйымдастырды.

Семинардың басты мақсаты – қазақ тілді БАҚ беттерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері жөнінде ақпарат жариялаудың  тиімділігін арттыру, осы тақырып аясында журналистердің ақпарат көзін іздеу және ақпарат жинау дағдыларын дамыту, бейіндік мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы ынтымақтастығын орнату.

пресс клуб

Семинар жұмысына қоғамдық-саяси басылымдардың журналистері, телевидение және ақпараттық агенттіктер қызметкерлері, сондай-ақ, БАҚ саласындағы басқа да сарапшылар қатысты.

Белгілі қазақстандық журналис Жазира Бегалы ақпаратпен жұмыс жасау, ақпараттың шынайылығын тексеру, сарапшыларды іздеу, сұхбат алу техникасы, ақпараттық желеулер, мәтінмен жұмыс жасау сынды тақырыптарды қозғаған тренинг пен тәжірибелік сабақты өткізді.

Семинар ұйымдастырушылары ерекше атап өткендей, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде ақпарат жариялау кезінде БАҚ өкілдерінің өз біліктіліктерін көтеруге, осы сала, оның заңдылықтары, құралдары мен тетіктері туралы ақпаратты жүйелеуге ұмтылыстары жоғары екендігі байқалып отыр. Ұйымдастырушылар осындай іс-шараларды өткізу қазақ тілді БАҚ беттеріндегі материалдың сапасын көтеруге және де кәсіби қазақ тілді журналистиканы дамыту арқылы бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік қалыптастыруға жағдай жасайды деп үміт білдірді.

Алматылық кардиохирургтар күні бүгінге дейін 426 науқасқа өздігінен ыдырап кететін 500 Absorb стентін орнатқан. Бұл туралы бүгін арнайы қалалық кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, соңғы үш жылдан бері қалалық кардиологиялық орталық жүрекке қан апаратын қан тамырларын стенттеуге, яғни кеңейтуге өздігінен ыдырап, жойылып кететін «Абсорб» қантамырлық қаңқасын қолданып келеді. Оның ерекшелігі сол, «Абсорб» екі жыл ішінде толығымен өздігінен ыдырап, жойылып кетеді. Ал ең бастысы - бұдан кейін қан тамыры өзінің көлемін сақтап қалады. Абсорб бұл қаңқалық жүйе, яғни уақытша сипатқа ие. Ал бұған дейін қолданылып келген металлдық стент қан тамырында тұрақты имплантант ретінде сақталады.

«Өздігінен ыдырап кететін стент өз қызметін тұрақты атқарады. Біздің кардиоорталықта 426 науқастың жүрегіне 500 стент қойылды. Қазақстанда мұндай қаңқаны бізден басқа, бірнеше кардиоорталықтар орната алады. Бірақ операция жасалған науқастардың саны бойынша біз көш басында келеміз» - деді А. Қодасбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір