• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:07:41
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 NEWS

Алматыда жоғалып кеткен қыз 16 күннен кейін табылды

Алматы қаласында жоғалып кеткен 2002 жылы туған Аружанды Қарасай аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері тауып алды

Алматы қаласында жоғалып кеткен 2002 жылы туған Аружанды Қарасай аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері тауып алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz сайтына сілтеме жасап. 

28 қаңтарда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекетіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен Аружанға іздеу жарияланған еді. 

Ішкі істер басқармасының қызметкерлері бар күшін салып кәмелетке толмаған қызды іздеді. Кеше, 12 ақпанда Қарасай аудандық полициясының қызметкерлері қызды Алматыдан тапты. 

Полицияның сөзінше, қыз Алматыда пәтер жалдаған құрбысының үйіне қонаққа кеткен. Қазір таңда Аружан өз үйінде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір