• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:34:21
Алматы
+35°

12 Маусым, 2018 Денсаулық

Алматыда жас сәби менингит күдігімен ауыр жағдайда ауруханаға түсті

"Менингит жұқтырды деген диагноз 60 адамға қойылды. Аурудың жаңа деректері тіркелген жоқ, сондықтан мәселе бақылауда", - деді Біртанов

Алматыда жас сәби менингит инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайы Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

"Кеше менингит инфекциясын жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға түсті. Жалпы, барлық науқастардың жағдайы өзімнің бақылауымда. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше Алматыда кішкентай сәби ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Әзірге диагнозы нақтыланған жоқ", – дейді Біртанов.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда менингит бойынша ахуал тұрақты.

"Менингит жұқтырды деген диагноз 60 адамға қойылды. Аурудың жаңа деректері тіркелген жоқ, сондықтан мәселе бақылауда. Қазіргі таңда ауруханада менингококк инфекциясын жұқтырған 11 адам емделіп жатыр", – дейді Біртанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір