• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:38:05
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 NEWS

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Жол апаты Талғар жолында, "Халық аренаға" қарсы бетте болды, тоғыз адам зардап шекті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып.

Куәгерлер хабарлағандай, Mercedes Талғар жолымен шығыс бағытта келе жатқан. Белгісіз себеппен жүргізуші қарсы қозғалыстағы жолаққа шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан Lada Largus-пен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан тоғыз адам зардап шекті. Оның бесеуі Lada Largus, үшеуі Mercedes және біреуі Mazda көлігінде болған. Олар ауруханаға жатқызылды.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір