• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:16:27
Алматы
+35°

Полиция қызметкерлері тексеріс барысында әлеуметтік жағдайы нашар отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың мүшкіл халіне куә болды. 3 жастағы балалар аш және киімі лас болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үй

Полицияның берген ақпаратына сәйкес, отбасы Алмалы ауданында тұрады. Инспекторлар үйге келгенде балалардың әкесі ұйықтап жатқан. 1978 жылғы ер адам үйге бөтен адамдар келсе де, оянбаған. Алматы қалалық ІІД мәліметіне сәйкес, ол мас болған. Балалардың анасы үйде болмаған.

Ұйықтап жатқан адам

«Үй апатты жағдайда тұр. Санитарлық талапқа сай келмейді. Барлық жерде бөтелкелер мен түрлі қоқыстар жатыр. Балалардың анасы кешке үйіне келді. 1977 жылғы әйелдің айтуынша, ол жұмыста болған. Ата-ананың балаларына немқұрайлы қарауы таңғалдырады. Екі баланың жасы үште. Балабақшаға бармайды. Олардың қандай жағдайда тұрып жатқаны ескеріле отырып, балаларға қатысты қажетті шаралар қолданылды. Д. және А. есімді балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, олар кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына орналастырылды», - дейді полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.  

Әкесі

Оның сөзінше, отбасы есепке алынды.

Анасы

«Отбасы бақылауға алынды. Балалардың ата-анасы ақылға келіп, жағдайды өзгертуге уәде берді. Әйтпесе олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Себебі балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төнетіндей жағдайда тұрып жатыр», - деді Лейла Әліпбаева.

Үй

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір