• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:21:22
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 NEWS

Алматыда жаңа экологиялық автобустар жолға шықты

Бұрын осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан жиі сынға ұшырайтын.

Алматыда көлікті реформалау аясында қоғамдық көліктерді жаңарту жүргізіліп жатыр. Бүгін Евро-5 экологиялық санатындағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан жиі сынға ұшырайтын.

Бүгіннен бастап «Қазақфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы - алты минут. Төмен еденді, ұзындығы 9,5 метрлік автобустар видеобақылау камераларымен, кондиционерлермен, пандустармен және жайлылық үшін қажетті тағы басқаларымен жабдықталған.

Болжам бойынша, бұл бағыттағы жолаушы легі 7-ден 9,5 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

Бұған дейін Алматыда №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шыққан еді. Сондай-ақ №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылды. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді жолаушылар көлігімен толық қамту үшін қосымша 10 бағыт ашылды.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған еді. Олардың 230-ы жолда жүр, 160 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір