• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:04:33
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда халықаралық Star of Asia-2018 музыка фестивалі өтеді

Алматыда биылғы жылдың маусымында еліміз үшін елеулі оқиға- Халықаралық Star of Asia -2018 музыка фестивалі тағы да ұйымдастырылмақшы

Алматыда биылғы жылдың маусымында еліміз үшін елеулі оқиға - Халықаралық Star of Asia -2018 музыка фестивалі тағы да ұйымдастырылмақшы. Фестиваль 16-17 маусымда биік тау шатқалындағы «Медеу» спорт кешенінде өтеді. Әлемдік деңгейдегі хэдлайнерлер қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылар бұл көлемді шоуға қала тұрғындары қызығушылық білдіреді деген үмітте. Алматы әкімдігі Star of Asia- 2018 фестивалі бағдарламаларының құпиясын толық ашпай отыр. Дегенмен, аталған шоудың ауқымды, жарқын әрі технологиялы тұрғыда іске асатынына толық сенімді.

Фестивальді өткізуге "Медеу" биік мұз айдынының таңдалғаны тегін емес, шың - құздардың ұлылығы шынайы өнер жұлдыздарының символындай. Фестиваль артистің әлемдік аренаға шығуына ерекше ықпал ететін болады. Star of Asia бір мезетте әлемнің 118 елінен беріледі, оған қатысушылардың көпшілігі фестиваль алаңында өзінің бар болмысын көрсете алады.

2018 жылдың бағдарламасы өте бай. Алғашқы күні үздік халық әндері, ұлы композиторлардың күйлері мен шығармалары орындалады. Аталған шараның басты ерекшелігі дәстүрлі әншілер танымал эстрада орындаушыларымен дуэт болып ән салады, танымал топтар да болады.

Екінші күні әлемдік эстраданың хэдлайнерлері басты катализаторларға айналады. Меломандарға қазақ және шетел әншілерінің орындауында "музыкалы коктейльдер", "опера + hip-hop", "космостық джаз + электронды музыка" ұсынылады. Star of Asia билеттерін қала кассаларынан және шара сайтынан алуға болады.

Жыл сайынғы халықаралық Star of Asia Almaty.kz музыка фестиваліне билет алсаңыз, онда сіз жаңа автомобильдің иесі болуыңыз мүмкін. Фестиваль «Медеу» биік мұз айдынында 16 -17 маусымда өтеді. Билеттерді kassir.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан алғандардың барлығы ұтысқа қатыса алады. Бас жүлдені жеңіп алған жан туралы 17 маусымда хабарланады.

Музыкалық шоуды ұйымдастырушылар шетел және қазақ эстарда жұлдыздарының қатысуымен қызық бағдарламалар дайындауда. Биылғы жылдың лайн-апында мыналар көрсетілген: Мәдина Сәдуақасова, Кәмшат Жолдыбаева, Mad Men тобы, Нұрболат Абдуллин, «Кешью»тобы, Ерке Есмахан, МузАРТ-LIFE тобы, «Ұлытау», Динара Сұлтан, M'DEE, «Алашұлы» тобы және көптеген басқалары. Хедлайнерде АҚШ-тың, Оңтүстік Кореяның, Жапонияның, Өзбексстанның, Әзірбайжан мен Қырғызстанның атристері өнер көрсетеді. Ұтыс туралы анқтылы ақпаратты ресми аккаунттардан, Instagram, Facebook пен starofasia.kz сайтынан көруге болады.

Егер сіз камера объективін дұрыс пайдаланып, әсем кадр түсіре алсаңыз әрі бұл сіздің сүйікті ісіңіз болса, онда өзіңіздің шығармашылық мүмкіндігіңізді жыл сайын өтетін халықаралық Star of Asia Almaty.kz! музыка фестивалінде көрсете аласыз.

Фестиваль аясында « Star of Asia Almaty.kz қызыл кілеміндегі үздік фото» фотоконкурсы өтеді.

Бұл фотоға түсірумен айналысатын әрбір жан үшін үлкен мүмкіндік, оған қатысып, Star of Asia Almaty.kz. фестивалінің сеніміне және бағалы сыйлығына ие бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін портфолиомен (3-5 үздік фотосурет) қоса өтінішті және Аты-жөні, есімі мен туған жылын з жазып: [email protected] электронды поштаға жіберу қажет.

Star of Asia Almaty.kz әр фотографына мындай жеңілдіктер беріледі:

* Фестивальдің ресми фотографы мәртебесі;

* Фестивальде жұмыс істеу аккредитациясы;

* фан-аймаққа екі билет;

  • ұйымдастырушылардың сайты мен әлеуметтік желілерде оның фотосуреттері жарияланса фотографты аты көрсетіледі.

Әлеуметтік желілердің ресми парақтарында концертте өзбектің танымал әншісі Севара Назарханның ән шырқайтыны туралды ақпараттар жарияланған.

Еске салсақ, биыл Star of Aia Almaty.kz 16 - 17 маусымда «Медеу» биік мұз айдынында өтеді. Билеттерді starofasia.kz, kassir.kz и zakazbiletov.kz сайттарынан және қала кассаларына алуға болады.

Ұйымдастырушылар фестивальдің уақытша архитектураның, дизайн мен жаңа медианың арқасында «Медеу» кеңістігімен үндестік табатынына сенімді. Бұлардан өзге, әдемілікке, ауқымдылыққа, кәсібилікке ерекше назар аударылады.

Сахнаға биыл жаңа орындаушылар мен музыка мэтрлері де шығады. Қазақ эстрада жұлдыздарымен қатар көрермендерге Оңтүстік Кореядан, АҚШ-тан, Жапониядан, Әзірбайжаннан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген әншілер де өнер көрсетеді. Instagram және Facebook парақшаларынан ойындар,қатысушылар, басты жүлде – автомобиль туралы ақпараттарды білуге болады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір