• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:29:21
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 Аймақтар

Алматыда Тоталь Энерджи Жазғы мектебі өтіп жатыр

Мектеп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Гео-энергетика» ғылыми зерттеу орталығының базасында ұйымдастырылған

Алматыда Тоталь Энерджи Жазғы мектебі өтіп жатыр. Мектеп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Гео-энергетика» ғылыми зерттеу орталығының базасында ұйымдастырылған.

Жазғы мектептің басты міндеті – студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын нығайтып, сондай-ақ, Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Дәрістерді Тоталь компаниясының сарапшылары кәсіби сараптама жүргізу және практикадан алынған нақты мысалдарды зерттеу негізінде дайындады.

 «Толығымен «Тоталь» компаниясының бастамасы болып табылатын бұл жазғы мектеп алғаш рет өткізіліп отыр. «Тоталь» - жас таланттарды қолдау және жергілікті кадрларды дамыту жөнінде міндеттемесі бар Қазақстанда 25 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан жауапкершілігі жоғары мұнай-газ компаниясы, - деп атап өтті Қазақстандағы Тоталь концернінің басшысы Паскаль Бреан. – Сондықтан да ынтымақтастығымызды ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі – ҚазҰУ-дегі «Гео-энергетика» орталығымен бастауды жөн көрдік. Жазғы мектеп жыл сайын ұйымдастырылатын жобаға айналады деп жоспарлап отырмыз, сондай-ақ, оны Алматыда ғана емес, сонымен бірге, бүкіл Қазақстанның студенттері оған қатыса алуы үшін Астанада және басқа да қалаларда өткізгіміз келеді».

Қазірдің өзінде мектепте ҚазҰУ студенттері ғана емес, сонымен бірге, Политехникалық университеттің, Заң университетінің, Каспий университетінің, ҚБТУ студенттері оқып жатыр. Жазғы мектептің бағдарламасы мұнай кенорындарын игеру және пайдалану, мұнайды тасымалдауымен байланысты мәселелерді ғана емес, сонымен бірге, халықаралық құқықтың толықтырмалылығы, менеджмент, халықаралық қатынастар сынды елдің дамуына жәрдемдесіп, шетелдік компанияларға Қазақстанда жұмыс жасауға мүмкіндік беретін гуманитарлық мәселелерді қамтитындай етіп дайындалған.

11-15 маусым күндері аралығында өтіп жатқан Тоталь Энерджи Жазғы мектебі энергетика саласындағы пәндерді оқитын бакалаврлар-студенттерге және магистранттарға арналған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір