• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:09:57
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда ТМД кеденшілері 8 тонна есірткі заттарының жолын кескен

Алматыда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Кеден қызметі басшылары кеңесінің құқық қорғау бөлімшелері комитетінің 17-шы отырысы өтті

2017 жылғы ТМД кеденшілері 8 тонна есірткі заттарының жолын кескен. Бұл туралы Алматыда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Кеден қызметі басшылары кеңесінің құқық қорғау бөлімшелері комитетінің 17-шы отырысында айтылды.

«Сегіз көл» курорттық паркінде  өткен шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің құқық қорғау бөлімшелеріндегі кеден қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. «Құқық қорғау қызметіндегі кеден органдары жұмысының маңызы жоғары. Енді оны одан әрі дамыту қажет, бірігіп халықаралық ынтымақтастық саласындағы кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күресу керек»-деді шарада сөз алған ҚР ҚМ  Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынға қатысушылар ТМД  елдеріндегі кеден қызметі саласындағы есірткіге қарсы күрес мәселелеріне бірлескен қызметке баса назар аударған. Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2017 жылғы ТМД құқық қорғау бөлімшелері кедендік қызметінде заңсыз айналымнан шамамен 8 тонна есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорлары алынды.

Қатысушылар кеден заңнамасының бұзылуын анықтау және оны тоқтату мақсатында өзара тиімді нәтижелі ақпарат алмасу  бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыру туралы айтты. Сондай-ақ, Комитеттің ТМД  терроризмге қарсы орталығымен өзара  ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Қатысушылар отырыста қылмыстық кірістерді жою мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейтудің маңызын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір