• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:55:57
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда таудан 19 жастағы қыздың өлі денесі табылды

Алматы қаласы ІІД дерегіне сәйкес, студент қыз өзіне қол жұмсаған.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқыған 19 жастағы студент қыздың өлі денесі Алматыдағы таудан табылған.

«Жасы небәрі 19-да еді. Дария аудармашы болуды армандаған. Сол күні үйден университетке асығыс шығып кетті. Бірақ группаластары оның сабаққа қатыспағанын айтты. 7 сәуірде қыздың өлі денесі таудан табылды. Оны өлтіріп кеткені анық», - деп жазды Дарияның құрбысы Мейрамгүл Исатай әлеуметтік желідегі парақшасына.

Алматы қаласы ІІД дерегіне сәйкес, студент қыз өзіне қол жұмсаған.

«Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Деректер қыздың өзін-өзі өлтіргенін айғақтайды», - деді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, Дария 5 сәуірде жоғалып кеткен. Үйінен университетке деп шыққан бойжеткен сол күйі сабағына бармаған, үйіне де қайтпаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір