• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:29:46
Алматы
+35°

21 Қазан, 2017 Аймақтар

Алматыда студенттерге арналған «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды

Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды

Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды.

«Тәрбие және білім бағдарламасы» үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың біреуі - саналы азамат. «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардан жоғары оқу орындары шет қалған болатын. Сол ЖОО-ларды Рухани жаңғыру бағдарламасына қосу үшін осы жоба жасалды. Осы жобадан басқа 21 жоба бекітіліп барлық  өңірлерге жолданды.  Жобаның мақсаты - еліміз алға қойған міндеттерді жастардың бойына сіңіру», - деді Болат Атыбай.

Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» офисінің бас менджері Лаура Іргебаева «Ұлы дала жастары» жобасының идеясын Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырғанын айтты.

«Негізі бастамашы - ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Ұлы дала жастары» жобасы қазан айынан басталды. Жоба жастардың белсенділігін арттыруға, яғни, ғылым, бизнеспен айналысуына жағдай жасау. Оқу орнын бітірген жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі төмен. Не үшін төмен? Осы мәселенің барлығы қамтылатын болады», - деді Лаура Іргебаева.

Жиында ЖОО ұстаздарына жоба бойынша өз оқу орындарына ыңғайлы болатын ұсыныс жасап, жұмыс бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. 

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына қатысты Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Жомарт Симтиков былай деп пікір білдірген болатын: «Біздің елде білім – жалпыға ортақ. Соңғы жылдары экономикалық дамудың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір уақытта осылайша жедел өзгермеген болатын. Технологияның қарқынды революциясы бізге таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің біразы жойылып кететінін көрсетеді. Елбасының сөзімен айтқанда: «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».
Ғаламдану жағдайының заңдылығына сүйенсек, сананың ашықтығы адамзат баласын үлкен жетістіктерге жеткізеді. Ұлы даладағы қалыптасқан сананың ашықтығы мен ой еркіндігі нәтижелі түрде дала демократиясына әкеледі. ХХ ғасырда егемендікке қол жеткізсек, рухани жаңғыру арқылы ХХI ғасырда «Мәңгілік ел» бағытыда көшімізді түзедік. Ендеше, ғаламданудағы бәсекелестікте ұлттық кодымызды сақтай отырып жаңғыру біздің ең басты құнды­лығымыз екенін естен шығармайық».

Айта кетер болсақ, ағымдағы жылдың 9-қазанында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Ұлы дала жастары» жобасын дайындау, сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға арналған жиын Республикалық жобалық кеңсе мүшесі Болат Атыбайдың басшылығымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да жиын өткен болатын. Аталмыш жиында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы талқыланып, университеттер жауапты болатын бағдарлама Паспорттары жайында сөз қозғалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір