• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:50:24
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 Аймақтар

Алматыда сыртқы туризм саласын дамыту мәселесі талқыланды

Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында сыртқы туризм саласын дамыту мәселесі талқыланды

Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында сыртқы туризм саласын дамыту мәселесі талқыланды.

Қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубайдың айтуынша, шетелдіктердің Алматыға жетуі тым ұзақ уақытты алады.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бүгінде әуе желілері қатары көбейіп келе жатыр. Мысалы Ресей әуе компаниясы  Алматы-Красноярск- Иркутск бағытында әуе рейсін ашты. Сібірден келетін туристерге басқа еш жерге қонақтаудың қажеті жоқ. Латвиялық тасымалдаушы да Ригадан Алматыға тікелей рейс ашты.

«Азаматтық авиация комитеті басшылығымен осы бағытта өзара түсіністік орнады. Финляндиядағы Хельсинки қаласына барып, FinAir компаниясымен келіссөздер жүргіздік. Солтүстік Еуропа мен Орталық Азияның арасын біріктіру үшін. Алайда, келіссөзден соң олар Астанаға рейс ашу туралы шешімде қалды. Біз өз тарапымыздан Алматының экономикалық тұрғыдан да, туристік тұрғыдан да әлеуетінің мол екенін барынша жеткізуге тырыстық. Алайда, әуе компаниясы Алматыға рейс ашатын болса, олар мұнда бөлек экипаж ұстауға тиіс болады. Бұл көп шығынды талап етеді»,- деді басқарма басшысы Ерлан Жайлаубай.   

Визалық режімге келсек, ҚР СІМ жыл соңына дейін 23 визалық елге электронды виза енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл шетелдік туристердің Алматыға, Қазақстанға келуіне жол ашады.

«Туризм саласындағы жетістіктерімізге көңіліміз толады, әрине. Бірақ, бұл біз қозғалатын қарқын емес. Атқаратын жұмыс әлі жетерлік», - деді басқарма басшысы.

Қоғамдық кеңес мүшелері Алматыдағы туристік нысандарды аралап шыққандарын, алайда туристік орындардан бір де бір шетелдік туристі кездестірмегендерін айтты.

Басқарма басшысы Ерлан Жайлаубай жыл сайын Алматыға келетін шетелдік туристердің саны 14%-ға артып отырғанын жеткізді.

«Мемлекеттік қызмет ұсынған өткен жылдың қорытындысына сәйкес былтыр Алматыға 500 мыңнан аса адам келген. Ал, орналасу орындарынан келген ақпаратқа сәйкес 350 мың адам қонақ үй қызметін пайдаланғанын білеміз», - деді Е.Жайлаубай.

Бүгінде алматылық туризм саласының өкілдері Азия мен Еуропадағы туристік көрмелерге қатысып жүр. Былтыр Алматы туралы ақпарат «BBC» мен «Euronews» арналарында жарияланған.

Visit Almaty орталығы Қазақстанның әр өңірінен турист тартуда белсенді еңбек етіп жатыр.

Отырыста Visit Almaty орталығын толықтыру туралы бірқатар мәселе талқыланды.

Visit Almaty директоры Камила Лукпанова сайтты қайта жасау үшін мамандар жалданғанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір