• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:15:34
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Аймақтар

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Азаматтық бастамалардың съезі өтті

Департамент басшысы осы мазмұндағы шараларды жыл сайын өткізу жоспарда екенін де атап өтті

Бүгін Алматы қаласы Ғылым ордасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананың қалыптасуындағы азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында Азаматтық бастамалардың съезі болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананың қалыптасуындағы азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында өткен шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, арнайы мониторингтік топтар мен қоғамдық қорлардың мүшелері қатысты.

Аталмыш шарада жемқорлыққа қарсы күрес шаралары Агенттіктің айрықша қызметінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда мұндай іс-шараларға барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор, бизнес-қауымдастық және азаматтық институттарды жұмылдыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананың қалыптасуындағы азаматтық сектордық рөлі» тақырыбында бүгін Азаматтық бастамалардың съез өтіп жатыр. Алматы қаласында бұл шара бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Негізі, республикалық деңгейде былтырдан бастап қолға алынған болатын, биыл 14 наурызда екінші конгресс Астана қаласында өтті. Алматы болса үлкен қала, бұл жерде қоғам өте жақсы дамыған, сондықтан да біз Алматы қаласында да дәл осындай съезді өткізуге шешім шығардық.

Бүгін Алматыда өтіп жатқан конгресске Астана қаласы бойынша агенттіктің департамент директоры, сонымен қатар, агенттіктің жанындағы арнайы мониторингтік топтың төрайымы қатысып отыр. Бүгінгі конгрессте біз қоғам тек мемлекеттік органдарға ғана қарап отырмай, өздері бастамшылықты қолдарына алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жасауы керек», - деп айтып өтті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент басшысы Айгүл Байханова.

Оның айтуынша, мұндай шаралар еліміздің Қызылорда, Тараз және Қостанай қалаларында да өткізілген. Департамент басшысы осы мазмұндағы шараларды жыл сайын өткізу жоспарда екенін де атап өтті.

«Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамның рөлін күшейтуге және  сыбайлас  және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлкен мән беріп отыр. 2017 және 2018 жылдары ұйымдастырылған азаматтық бастамалардың съездері жемісті прогрестің жарқын үлгісі бола алады. Оның жұмысына азаматтық сектордың барлық деңгейлері мен категориялары, сонымен қатар, ауылдық және республикалық деңгейлердің әр түрлі санаттары қатысады. Бұл мәселеге бейжай қарамайтын азаматтар өздерінің бастамасымен қоғамдағы проблемаларды жоюға көмектеседі және өз шешімдерін ұсынып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырады», - дейді ҚР Мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы агенттіктің Қоғаммен байланыс Департаментінің директоры Арман Бердалин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір