• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:36:59
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда шетелдік мамандар қатерлі ісікке шалдыққан балаларға ота жасайды

Бұл туралы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметі мәлім етті

Алматы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен көздің қатерлі ісігі - ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік сабағы өтеді. Бұл туралы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бұл бүгінде шетелде емделуді қажет етіп отырған балалар үшін таптырмас мүмкіндік. Шеберлік сабағында ретинобластомаға шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиялық терапия (СИАХТ) жүргізіледі.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша, ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу шарасы Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылмақ.

«Аталған операция түрі балалардың көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Операцияның ерекшелігі де осында»-деді мамандар. Ретинобластомаға шалдыққан төрт балаға операция жасау үшін Ресейден Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығының дәрігерлері - ангиохирург И.А.Трофимов және анестезиолог Л.А.Мартынов арнайы шақырылған.

Болашақта ҚР Денсалық сақтау министрлігі бекітіп жататын болса, ресейлік мамандар көрсеткен әдіс Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының тәжірибесіне енгізілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір