08 Мамыр, 2018 NEWS
Алматыда Шаңырақ ықшамауданында 10 жастағы қызды көлік қағып өлтірді (фото)
Оқушы қыз оқиға орнында көз жұмды.
Кеше Алматыдағы ықшамаудандардың бірінде 10 жастағы қызды көлік қағып өлтірген. Бұл туралы "Территория происшествий" хабарлайды.
Қайғылы оқиға Шаңырақ-6 ықшамауданында Қошқарбаев көшесінде болған. Сол уақытта жол бойында балалар ойнап отырған көрінеді. Жол бойында тұрған балаларға дыбыс белгісін бергеннен кейін екі қыз жолдан кетіп, біреуі өте алмай қалған. Көлік артқа қарай жүрмек болғанда қызды басып кеткен. Оқушы қыз оқиға орнында көз жұмды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір