• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:13:49
Алматы
+35°

13 Қараша, 2017 Аймақтар

Алматыда Серікболсын Әбділдиннің «Ұстаз» атты кітабының тұсаукесері өтті

Бұдан бұрын да оппозициялық саясаткердің 40-тан аса еңбегі жарық көрген болатын.

Алматыда адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро кеңсесінде оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдиннің «Ұстаз» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап саясаткердің 80 жасқа толуына орай шығарылған. Кітапта Серікболсын Әбділдиннің кәсіби маман болып қалыптасуы, БАҚ беттеріне жарияланған жер, ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты ойлары мен сұхбаттары берілген,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

qamshy.kz

Кітапты таныстыру шарасына автордың өзі, оппозициялық саясаткер Владимир Козлов, құқық қорғаушы әрі журналист Андрей Свиридов, кітапты құрастырған журналистер Ермұрат Бәпи, Бақытгүл Мәкімбай қатысты.

Бұдан бұрын да саясаткер және ұстаз Серікболсын Әбділдиннің 40-тан аса еңбегі жарық көрген. Ұстаздың айтуынша, кітап шығаруға кеткен қаржының барлығын шетелдік сайыстарға қатыса отырып, өзі ұтып алып отырған. Ұсынған бизнес жобалардың барлығы дерлік сәтті шыққанына қуанатынын айтты. Оның ішінде, студенттерге арналған оқулықтар мен басқа да өзекті саяси оқиғаларға байланысты кітаптары шыққан.

Биыл сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақал әлі де өте шымыр, бос уақытында жүзумен айналысады. 

Таныстыруда Әбділдин өзінің 30 жылдан астам уақыт ұстаздықпен айналысқанын, бұл кітап соның сол қызметінің қорытындысы іспеттес екенін айтты.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылы дүниеге келген. Ол қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы және профессор.

1982-1985 жылдар аралығында Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болған. Ал 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 ж. аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы лауазымын атқарған. Қазіргі кезде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ұстаз болып қызмет етіп жүр. 

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір