• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:00:36
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда сарапшылар fake жаңалықтармен қалай күресуге болатынын талқылады

ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы бойынша өкілі Арлем Дезир fake жаңалықтар проблемасының барлық елде барын айтты

Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық Медиа форум барысында сарапшылар fake жаңалықтармен қалай күресуге болатынын талқылады.

ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы бойынша өкілі Арлем Дезир fake жаңалықтар проблемасының барлық елде барын айтты.

«fake жаңалықтар Еуропада, Ресейде, Түркияда, Қазақстанда, АҚШ-та барлық елдің медиакеңістігінде белең алып барады. Мұндай ақпараттар қоғамға өте ықпал етеді. Оны бір ғана адам ойлап табуы мүмкін. fake жаңалықтар тез вирустық жаңалықтарға айналады. Адамдар мұны демократияның бір көрінісі деп ойлайды. Осының кесірінен БАҚ жұмысына сенім азайып барады. Көптеген елде жалған ақпаратты болдырмау үшін шектеуге дейін барады. Алайда, бұл жерде сөз бостандығына нұқсан келмеуін қадағалау керек», - деді Арлем Дезир. 

Украин саясаттанушысы, журналист Андрей Бузаров Қазақстанда әлеуметтік желілерде шектеу жоқтығын айтты

«Ресейде Telegram тыйым салынған. Қытайда  Фейсбук, WhatsApp, Viber жұмыс жасамайды. Қазақстанға келгенімде телефоным мыңдаған хабарламадан жарылып кете жаздады. Мен тіпті ондай қосымшалармен қалай жұмыс жасайтынынын ұмытып қалыппын. Бұл Қазақстанды ТМД аймағында ең прогрессивті, сөз бостандығы сақталған ел етіп көрсетеді», - деді Андрей Бузаров.

Украин журналисі Катерина Сергацкая fake ақпараттың украин халқына келтірген залалын тілге тиек етті.

«fake ақпараттар менің еліме өте қатты нұқсан келтірді. Интернеттегі жалған ақпараттан Украинаға шабуыл басталды. Билік ондай ақпараттармен күресу керектігін, ақпараттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретінін түсінді. Қазір менің елімде журналистер елге залалын тигізетін кейбір ақпаратты жарияламайтын болды. Біз fake ақпараттармен тек Фактчекинг арқылы күресе аламыз. Аудиторияға тек шындық керек», - деді украиндық журналист.

Айта кету керек, Алматыда XV Еуразиялық медиа форум өз есігін ашты. 

Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы аталған Еуразия медиа форумына  60-тан астам елден 500 делегет қатысуда. Алқалы жиында сарапшылар мен саясаткерлер, экономистер мен қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, жалпы әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылауда. Форумныңалғашқы күні шеберлік дәрістерінен басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір