• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:17:13
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүздеген іс-шара өтті

«Рухани жаңғыру»: Алматы аудандарында жүздеген іс-шара өтті

«Рухани жаңғыру»: Алматы аудандарында жүздеген іс-шара өтті.

Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді ат салысты. «100 жаңа есім» жобасына енген алматылық 20 азаматтың 8-і дәл осы ауданның тұрғындары. Елбасының бағдарламасын жастар да ерекше қолдаған. Аудандағы мектеп, колледж және оқу орындарында 100-ден аса іс-шара өткен. «Туған жер» бағдарламасының аясында 300 оқушы Алтын адам сынды тарихи жәдігер табылған Есік қаласына барып қайтқан.

«Тағы да жоспарымыз бар, 300 бала жібереміз. 50 баланы осы жақын арада жібердік. Осы күн жылынғаннан кейін бұл жұмысымыз ары қарай жалғасын табады. Содан кейін өздеріңіз білесіздер, қазір жастардың кітап оқуға тарту жөнінде сәуір айында жоспарланған. Есентай өзенінің жағасында ашық кітапхана жасайық деп отырмыз. Ұлттық кітапхана біздің Бостандық ауданында орналасқанына байланысты. Осы кітапханаларымыздың барлығы оған қатысады», - деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балабаева.

Медеу ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 300 шара ұйымдастырылған. Оның ең ауқымдысы - түлектер форумы. Оған еліміздің әр өңірінен келген 500-ден аса азамат қатысты. Аудандағы мектеп түлектері білім беру мекемелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ оның құрылысына 50 миллион теңге көлемінде қаржы құйған. «Туған жер» бағдарламасы аясында 5 оқу ошағының ауласы жөндеуден өткізілген. 120 аула абаттандырылып, ағаштар отырғызылған. Оған қоса, көшелер күні аталып өткен.

«Мерейлі Медеу» акциясы аясында осы Медеу ауданында тұрып жатқан 25 мың зейнеткеріміздің қандай жағдайда тұрып жатыр? Оның тұрмыс-тіршілігі қандай? Тіпті олардың қандай еңбегі сіңірді? Елге қандай қызмет атқарды? Осының ішінде өмірі елге, жастарға өнеге болатын, өнегелі өмір иесі болатын қарияларымыздың, қазыналы қарияларымыздың жастармен кездесуін ұйымдастырдық. Сол арқылы 15 мың жасты қамтыдық», - деді Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір