• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:10:17
+35°

25 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда республикалық жастар айтысы өтеді (видео)

Доданы айтыстың ақтаңгері, азулы ақын Ринат Зайытов жүргізеді.

Құрметті айтыс сүйер қауым!

Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Мен жастарға сенемін" атты республикалық жастар айтысы өтеді.

Жыр бәйгесінде қазақ даласының түкпір-түкпірінен келетін жас бөрілер сайысқа түседі. Атап айтқанда, Қанат Мырзахан, Батырлан Сағынтаев, Дархан Серік, Данияр Алдабергенов, Бауыржан Айткәрім, Саягүл Бірлесбек, Бекарыс Оспанов, Бекжан Базарбек, Нұрқанат Базарбек, Нұрқанат Қайрат, Нұрзат Қару, Ақниет Жұбанов, Манарбек Сатыбалды, Мақсат Серік, Алтынбек Ибрагимов сынды айтыстың болашақ жұлдыздары өнер көрсетеді.

Жас ақындарға Серік Қалиев, Балғынбек Имашев, Талант Арғынғали сынды айтыстың арыстандары төрелік етеді.

Доданы айтыстың ақтаңгері, азулы ақын Ринат Зайытов жүргізеді.

Өтетін уақыты: 27 сәуір, 14:00.

Келіңіздер, көріңіздер! Қапы қалмаңыздар, ағайын!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір