• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:13:40
Алматы
+35°

Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Ғылыми қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы ақшамы газетіне сілтеме беріп хабарлайды.

Оған Қазақстанның академиктері мен белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың, ұлттық және ұжымдық қолданыстағы инженерлік зертханалардың басшылары, жас ғалымдар қатысты.

Салтанатты жиынды Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академик М.Жұрынов ашып, ғылыми қоғамдастықты төл мерекесімен құттықтады.  ҚР-ның Білім және ғылым вице-министрі Т.Ешенқұлов зиялы қауымға министр Е.Сағадиевтің құттықтау сәлемдемесін жеткізді. Сонымен қатар ғылымның бүгінгі жай-күйі мен оның даму болашағы туралы баяндады.

Аталмыш іс-шарада сөз алған ғалымдар өз кезегінде Елбасының ғылымды қажетсінетін экономиканы дамыту, қоғамдық сананы рухани жаңғырту және Қазақстан ғылымын  заманауи деңгейге шығару бағытындағы саясатына қолдаушылық танытты.

Алқалы жиында ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға ҚР БҒМ-ның ведомстволық марапаттары, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның бірлескен жобасы аясында, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Алматы қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдарына 120 пәтер бөлінді. Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жалға берілетін бұл пәтерлерді олардың болашақта сатып алу мүмкіндігі бар.

Осы басқосуда 7 жас ғалымға пәтер кілті табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір