• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 05:36:50
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда Қоғамдық кеңес Көкжайлау жобасын талқылады

Жаңа құжатты қабылдау кезінде табиғи климаттық өзгешеліктер ескеріледі

Алматыда Қоғамдық кеңес отырысында қаланың туристік дамуы талқыланып, Көкжайлау жобасы туралы айтылды.

Қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай қазіргі таңда жобаның жаңа техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатқанын айтты.

Жаңа құжатты қабылдау кезінде табиғи климаттық өзгешеліктер ескеріледі.

«Осының алдында Көкжайлау жобасы болған еді. Оны тоқтатып қойдық. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемеге өзгеріс енгізіліп, былайша айтқанда жаңа негіздеме жасалып жатыр. Яғни, біз алдында жоспарланғандай, 200 мың шаршы метрлік құрылыс нысанын салмайтын болдық. Үлкен тас жолдары да болмайды, ол үшін көп жасыл-желекті кесуге тура келетін еді. Жаңа құжаттағы жол жобасы үшін 8 мың талды кесу көзделген. Қазіргі жобада бұл мәселелердің бәрі ескерілген. Біз жыл бойы турист қабылдай алатын кешен жасауға бет бұрып отырмыз. Бұл VIP-курорт емес жалпы қалалықтарға қолжетімді кешен болады. Мұндай кешеннің құрылысы қаланың экологиясын жақсартуға септігін тигізбек. Жоба жұмысы біткен соң халықаралық сарапшылардың бағалауына ұсынамыз», - деді ол.

Кеңеске қатысушылар алматылықтардың арасында бұл мәселе даулы болып отырған, сондықтан, Көкжайлау құрылысын қоғамдық талқылаудан міндетті түрде өткізу керек екендігі айтылды.  

«Мен - алматылықпын. Тауларды жақсы көремін. Ескі негіздемеде қоғамды құлақтандыру мәселесінде нақты регламентация болған жоқ.  Қазір жағдай өзгерді. Орхус конвенциясымен үндесетін экологиялық кодекс жұмыс жасап тұр. Жаңа негіздеме шыққан соң әр кезеңді талқылауға шығаратынымызды сеніммен айта аламын», - деді Ерлан Жайлаубай.

Оның айтуынша, осы мақсатта 200 млн теңге бөлінген. Ал жаңа жобаны жүзеге асыруға инвестор іздестіріліп жатыр.
Айта кетер болсақ, аталмыш жобаға қатысты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Тау шаңғысы туризмі экономикалық тұрғыдан жағажай туризмінен 5 есе көп мультипликативтік болып саналады», - деп айтқан болатын.

Қала басшысының айтуынша, туризм «қосымша жұмыс орындары және сервистік бағдарланған экономика» болып табылады. Туризмді дамыту үшін таза ауа керек, қазір сол бағытта жұмыстар істеліп жатқандығы белгілі болды.

Қазгидрометтің айтуынша, Алматыдағы ауаның ластану деңгейі 20% -ға төмендеді. Тұрақты қоғамдық көлікті құру, инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, қаланы барынша жақсы, әдемі етеді және барынша көп туристерді тартады

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір