• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:34:36
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда  қызыл түске боялған өзен суынан сынама алынды

Қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова зерттеу нәтижесі 3 күннен соң дайын болатынын айтты

Алматыда  қызыл түске боялған өзен суынан сынама алынды.

Қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова зерттеу нәтижесі 3 күннен соң дайын болатынын айтты.

«20 мамырда 19:30-да ТЖД желісінен осындай ақпарат түсті.  Қазір Үлкен Алматы өзенінің бойын түгел шарлап шықтық. Бір жерден қызыл түс байқамадық. Бірақ, сонда да өзеннің барлық тұсынан сынама алдық. Санитарлық-химиялық құрамы бүгін кешке дейін белгілі болады. Судың бактериялық құрамы 3 күннен соң белгілі болады», - деді Айзат Молдақасымова.

Департамент басшысы видеоны  әлеуметтік желіге жариялаған тұлғалармен байланысып жатқанын хабарлады.

«Бір ғана видеоға қарап ештеңе айта алмаймыз. Таратқан адамды таптық. Қазір ол түсірген жерден тағы сынама аламыз», - деді ол.

Сонымен қатар, құзырлы органдар өзен бойында орналасқан барлық химиялық кәсіпорындарды тексеруді бастаған.

«ТҚКО, лак бояу өнімдерін шығаратын, вулканизация, типография сияқты өндіріс орындары тексеріліп жатыр», - деді департамент басшысы.

Мұның алдында аталмыш видео ватсап желісі арқылы таралғанын жариялаған едік. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір