• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:55:02
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 Ғылым-білім

Алматыда қажетті энергияның 80%-ын өзі өндіретін кеңсе ашылды

Жамбыл мен Жароков көшелерінің қиылысындағы жалпы ауданы 1 200 шаршы метр болатын алты қабатты ғимаратта экологиялық офис ашылды.

Жамбыл мен Жароков көшелерінің қиылысындағы жалпы ауданы 1 200 шаршы метр болатын алты қабатты ғимаратта экологиялық офис ашылды.

Кеңседе тек баламалы энергия көздері ғана жұмыс істейді. Бұл компанияның - директоры Максим Барышев.  «Жасыл» кеңсенің тиімді жағы сол – бұрынғы кезде коммуналдық төлем айына 350 мың теңге болған екен,  ал жасыл технологиялардың арқасында коммуналдық төлем көлемі бар болғаны айына 70 мың теңгеге түсіп отыр. Себебі, ғимарат қажетті энергияның 80 пайызын өзі өндіреді.

Ғимараттың көлік тұрағында электрокөліктерге арналған қуаттағыш құрылғылар бар. Үстелдегі ноутбуктер де энергияны аз тұтынады.

«Жасыл» кеңсенің жасалу жүйесіне назар аударсақ:  ғимараттың төбесіне 20 күн панелі қойылған. Әрқайсысының қуаттылығы 300 Вт. Сонымен қатар, ғимаратта суды қайта айналдыру жүйесі бар. Су арнайы резервуарға жиналып, тазаланып, қайта пайдаланылады.

Құрылысқа жалпы құны 280 миллион теңге кеткен. Ғимарат шығыны 7 жылда өзін өзі ақтайды деп күтілуде.

Бұл жаңалықтың ең ерекше тұсына тоқталсақ, бұл жобаның архитекторлары – қазақстандық мамандар. Яғни, жеткен жетістіктеріміздің дәл осы үлгісі Қазақстандағы ғылым мен білімнің «ақырын жүріп, анық басып» дамып жатқандығынан хабар береді.

                                                                                                                                                                  Шолушы Оразхан Ақтолқын

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір