• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:46:23
Алматы
+35°

12 Шілде, 2018 Ғылым-білім

Алматыда Қазбілім Орталығының филиалы ашылды

Қазір орталықтың 3 оқу ғимараты, 25 дәрісханасы және жеке кітап дүкені бар.

Алматыда Республикалық "KAZBILIM" орталығының филиалы ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы орталық директоры Аятжан Ахметжанұлы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Ал, қуанышты хабар! Алматылық достар, ата-аналар! Бұл жолғы сапарымның үлкен бір мақсаты сәтті басталды. Алла қаласа, тамыз айынан бастап республикалық Қазбілім Орталығының Алматы филиалы өз жұмысын бастайды. Ата-аналардың өтініші мен шәкірттердің сұранысына орай осындай қадамға аяқ бастық.

Алматы қаласы Әуезов ауданы Абай көшесі мен Жұмағали Саин көшелерінің қиылысында "KAZBILIM" орталығы офисін алып, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр!

18.08.2018 жылы 11:00 де ашылу салтанатында жолығайық!

Биыл Республикалық "KAZBILIM" орталығында тың жаңалықтар, жаңа жобалар бар. Біздің ата-аналар мен шәкірттерді тамыз айында тосын сыйлар күтіп тұр", – деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосып келе жатқан «Қазбілім» порталының ұжымы қазақ баласының ертеңгі бəсекеге қабілетті ұлт тұлғасы болып жетілуі үшін ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде Республикалық "KAZBILIM" орталығы болып құрылып, 2016 жылы ақпан айында жұмысын бастады. Орталық екі бағытта қызмет атқарады:

  1. Білім беру
  2. Ақпараттандыру

Қазір орталықтың 3 оқу ғимараты, 25 дәрісханасы және жеке кітап дүкені бар. Орталықта 50-ден астам мұғалім білім береді.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір