• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:46:40
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда Қазақстан мұсылмандарының YIII құрылтайы өтті

Қазақстан мұсылмандары YIII құрылтайында жаңадан сайланған Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлы өзінің міндеттері туралы айтты

Қазақстан мұсылмандары YIII құрылтайында жаңадан сайланған Бас мүфти Серікбай қажы Оразұлы өзінің міндеттері туралы айтты.

Бас мүфти өзінің алдына қойылған мақсат-міндеттер туралы тілге тиек етті.

«Мен үшін бұл тосын шешім. Өзімді көмекші, орынбасар ретінде жақсы сезінемін. Бірақ таңдау осындай болғандықтан, бұл үлкен аманатты барлық әріптестеріммен абыроймен атқарамын деп ойлаймын. Алдағы 5 жылда алдымызға қойылған барша бастамаларды одан әрі орындап, дамыту жолында еңбек етемін. Құранды буквализм танымымен түсінуге тосқауыл қойып, құран түсіндірмелерін пайымды түсіндіру жолында қоғам мен діндарлар арасында байланыс арттыруға жұмыс жасайтын боламыз. Үлкен қызметті бар күш жігеріммен, әріптестерімнің көмегімен, қоғамдағы дұрыс жан-жақты болған иммамдар ортасын қалыптастыра отырып, біздің халқымызда ата-баба қалыптасқан дәстүрлі діни таным мектебін жаңғыртып, алға қойған мақсатты бірге атқарамыз. Қазақстан Мұсылмандары тұғырнамасында да жолымызды айқындап алғанбыз. Жат пиғылды ортаға жол бермейміз. Оған қарсы тұра алатын имунитет Қазақстан мұсылмандары исламтану институтының рөлі күшті, білім тәжірибелері жетерлік деп ойлаймын», - деді Бас мүфти.

Айта кету керек, бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандарының YIII құрылтайы өтті. Жиын барысында құрылтайға қатысушы 300-ден астам делегат Серікбай қажы Оразұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жаңа Бас мүфти 4 жыл, яғни 2018-2022 жылдар аралығында қызмет атқаратын болады. Сондай-ақ Бас мүфти орынбасарлары лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы, Алау Əділбаев, Бауыржан Есмаханов сайланды.

Бұған дейін Бас мүфти қызметін атқарып келген Ержан Маямеров өз еркімен қызметінен кетті.

Мешіттегі жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, бірегей құлшылық жасау тәртібін орнату мақсатында ҚМДБ мешіттерінің Ережесі қабылданды. 2015 жылы ақпанда елімізде тұңғыш рет «Ислам - бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті. Шара аясында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамасы», «Дін қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылман келбеті» атты маңызды құжаттар қабылданды.

«ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Кеңесте 17 ғалым жұмыс істейді. Оның 9-ы ғылым докторы, қалғаны магистрлер. Біз Діни басқарма қызметі аясында 2014-2015 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияладық. ҚМДБ жанынан діни білімі терең, тәжірибесі мол білікті дін ғалымдарының басын біріктірген ақпараттық насихат топтары құрылды. Олар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жат ағымға кеткен жастарымыз дәстүрлі ханафи мазһабын таңдап, ортамызға оралуда. 2017 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде жат ағымның арбауында жүрген 940 азамат ханафи мазхабын таңдап, қатарымызға қосылды. 2013-2017 жылдар аралығында жалпы саны 4967 адам радикалды райынан қайтты», -деді Ержан Малғажыұлы.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңсесі 2014 жылы Алматыдан Астана қаласына көшірілген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір