• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:09:01
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Спорт

Алматыда қарттар арасында қалалық спартакиада өтті

Аталған жарыс ардагерлер ұйымының 30 жылдығына және Халықаралық қарттар күніне арналған.

Алматы қалалық ардагерлер Кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан азаматтарын салауатты өмір салтына тарту туралы тапсырмасын орындау аясында зейнеткерлер арасындағы спорттық-сауықтыру іс-шарасын өткізді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

18 қазанда «Динамо» стадионында Дене шынықтыру және спорт орталығы Орталық кеңесінің қолдауымен қаланың барлық аудандарының зейнеткерлері арасында  спорттық жарыстар өтті.      

Аталған жарыс ардагерлер ұйымының 30 жылдығына және Халықаралық қарттар күніне арналған. Спорттық байқауға «Біздің денеміз және жанымыз әрдайым жас» ұранымен өмір сүріп жатқан аға ұрпақтың өкілдері қатысты.

Егде жастағы азаматтар арасында спорттық-сауықтыру іс-шаралары олардың өмірлік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Алматы қаласында зейнеткерлерге арналып өткізілетін спорттық-сауықтыру іс-шаралары жыл сайын артып келеді. Әсіресе, шахмат, бильярд, жаяу жүру, фитнес, флеш-моб, боулинг ойындары жиі жүргізіледі екен. Бірақ, әлі күнге дейін егде жастағы адамдар жеңіл атлетика ойындарымен көп айналысады. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ұлттық спорттық және дене шынықтыру клубының қолдауымен көп жылдан бері ардагерлердің қалалық кеңесі жүгіру, шарларды соғу, ұзындыққа секіру, шабуылдау және басқа да жаттығу ойын түрлерін өткізіп жүр.    

Спратакиада жарысында әйелдер мен ерлер командалары болды және әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды, мәселен:  жүгіру, қашықта допты лақтырып алу, қашықтыққа секіру, басу, арқанмен секіру.

Ерлер мен әйелдер үшін әрбір жарыстың жеке көрсеткіштері анықталды.

Спартакиадаға 120-дан астам зейнеткер қатысты, ал жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жастағы азаматтардың өмірін жақсартуға және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды. 

Алматы қаласында жыл сайынғы Қарттар айын өткізуге, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетуге және қарттардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы орнын дәріптеуді насихаттауға бағытталған, іс-шаралар жүргізілуде. 

Ерекше көңіл қарттардың денсаулығына бөлінеді. Сол себепті жыл сайын ауданның денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып «Ашық есік» күндері өткізілуде, үй ішінде медициналық тексерулер ұйымдастырылып, мұқтаж жандар санаторияларға емделуге жіберілуде. 

500-ден астам жалғыз басты және жалғыз ілікті зейнеткерлерге үй ішінде көмек көрсетіліп жатыр. Аталған бағыттағы іс-шаралар қазан айы бойы жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір