• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:25:22
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда қалалық Қоғамдық Кеңестің отырысы болып өтті

Алматыда қалалық Қоғамдық кеңес отырысында Денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы жұмыс нәтижесі туралы айтылды

Алматыда қалалық Қоғамдық кеңес отырысында Денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы жұмыс нәтижесі туралы айтылды.

Жиын барысында кеңес мүшелері Басқарма басшысы Серікбол Мусиновке жаңа басшының келуімен бұрынғы қызметкерлер неліктен жұмыстан кететіні туралы сауал қойды.

«Өткен жылы қаладағы медициналық мекемелерде түрлі себептерге байланысты 2 айда 178 қызметкер жұмыстарынан босатылған немесе басқа ұйымға ауысқан. Осындай олқылықтың орнын қалай толтыруға болады?», - деді қоғамдық кеңес мүшелері.

Басқарма басшысы мамандардың жұмыстан босауына бір ғана себеп мұрындық болғанын айтты.

«Командалық принциппен қызмет ауыстыруға тыйым салынады. Биылғы кадрлық тағайындауларға келсек, олардың қаржылық-шаруашылық жұмыстарында заң бұзушылықтар болған. Біз белгілі бір заң бұзушылықты көрсек, оған немқұрайды қарай алмаймыз. Біз бюджет ақшасын тиімді жұмсауымыз керек», - деді Серікбол Мусинов.

Басқарма басшысы сондай-ақ, 20 жастағы жас босанған әйелдің өлімінен соң жұмыстан шығарылған Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының басшысы Элмира Жакашеваға қатысты пікір айтты.

 «Дәрігер мамандығы бөлек нәрсе. Біз ол кісіні дәрігер ретінде жоғары бағалаймыз. Алайда, медициналық мекемені басқару ол бөлек әңгіме. Ол үшін басқарушы маман болу керек. Ал басқарушы ретінде оған тағар кінәміз көп. Ол (Элмира Жакашева - авт) қаржылық-шаруашылық қызмет кезінде көп заң бұзушылыққа жол берген. Бұл мәселеге қатысты қазір құзырлы орган өкілдері тексеру жүргізіп жатыр. Оның орнына тағайындалған жаңа басшы тәжірибесі өте көп. Бұл қызметтің талабынан толық шығады деп ойлаймын», - деді С.Мусинов.

Айта кету керек, перзентхана орталығына жаңа басшы ретінде білікті акушер-гинеколог Ғани Бодықов келді. Мұның алдында ол №5 перзентхананы басқарып келген.

Сонымен қатар, Алматы қалалық онкологиялық орталығына да жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Ізмағамбетов Нұрсұлтан келді. Мұның алдында орталықты Дамир Дәулетбаев басқарып келген болатын.

№7 қалалық аурухананың басшылығына Рамазанов Манас Ембергенұлы келді. Аталған аурухананың басшысы қызметін бұған дейін Марат Шадыбайұлы Абдуллаев атқарған.

Қазір №5 перзентхананың басшысы міндетін уақытша Жанар Мұхаметжанова атқарып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір