• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:01:02
+35°

14 Маусым, 2018 Аймақтар

Алматыда «Ой-сана» қалалық байқауы өтті

Байқаудың мақсаты: орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 8 маусым күні Алматы қаласы, М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залы ғимаратында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру мақсатында орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастарының «Ой-сана» қалалық байқауын  өткізді. Байқаудың мақсаты: орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру болды.

Алматы

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

І. «Білім бедері» – орыс тілінің лексикасы мен грамматикасына арналған 60 тест тапсырмасын орындау (40 минут).

ІІ. «Қалам қарымы» – ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазу. Көлемі: 1,5-3 бет (30 минут).

ІІІ. «Ойталқы» – ұяшық ашу арқылы таңдалған тапсырманы ауызша баяндау (суретті сипаттау немесе берілген ақпаратты пайдаланып шағын әңгіме құру, 3-5 минут).

ІV. «Шабыт шыңы» – өз таңдауы бойынша орыс тілінде ән орындау немесе көркем шығарма үзіндісінен театрландырылған қойылым көрсету (3-5 минут). Осы кезеңдер бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:

Бас жүлде – Мухамеджан Надира

І орын – Жанкабаева Альфия

ІІ орын – Емешев Адиль

ІІІ орын – Муратханова Алуа

Байқау шарттары бойынша «Сөз зергері» және «Өнер алды» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Ушурбакиев Ильщат мен Төлебаева Әдина иеленді. Ал, Әлиқұлова Медина пен Мүталіпов Жалғас ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Мұхамеджан Нәдира Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір