• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:31:39
Алматы
+35°

31 Қаңтар, 2018 Экономика

Алматыда Орталық Азиядағы шағын бизнесті дамыту бағдарламасы таныстырылды

Бағдарламаның тұсаукесеріне ЕО, ЕҚДБ, ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, халықаралық ұйымдар және қаржы институттары өкілдері қатысты.

Бүгін Алматыда Орталық Азиядағы микро, шағын және орта кәсіпорындарды (МШОК) қолдауға бағытталған шағын бизнесті дамыту бойынша  аймақтық бағдарламаның (ШБДАБ) тұсауы кесілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарламаны Еуропалық Одақ қаржыландырады және Орталық Азиядағы қаржы институттарының қызметкерлерін онлайн оқытуға мүмкіндік береді. Ыңғайлы болу үшін дербес құрылғылар арқылы оқыту да қарастырылған

ШБДАБ шағын бизнесті қаржыландыру саласында ноу-хау енгізуді қарастырады. Бағдарламаның тұсаукесеріне ЕО, ЕҚДБ, ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, халықаралық ұйымдар және қаржы институттары өкілдері қатысып, «Банк саласының болашағы және қаржы қызметтерін ұсыну» тақырыбына пікір алмасты.

ШБДАБ шеңберінде Орталық Азияда МШОК қаржыландыратын қаржы институттарына арналған білім алмасу платформасы іске қосылады. Жергілікті қаржы институттары осы саладағы ЕҚДБ тәжірибесімен танысып, түрлі тақырыптағы тренингтер өте алады.

Дәл қазір платформа МШОК кредит қабілеттігін сараптама дасайтын арнайы тренингтер ұсынады. Білім алмасу бойынша бағдарлама ішінара қолжетімді, бірақ болашақта онлайн оқытудың жүйесі толыққанды жұмыс істейтін болады. 2018 жылдың екінші тоқсанында қызметкерлердің сертификаттаудың онлайн бағдарламасы іске қосылады.

 Бағдарламаның кеңесшісі IPC (Internationale Projekt Consult GmbH) компаниясы. Компания МШОК қаржыландырумен байланысты жобалар және оқыту бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру бойынша мол тәжірибеге ие.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» бағдарламаның әріптесі болды. Қордың еліміздің бүкіл территориясын қамтитын филиалдары бар және бизнеспен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билікпен ынтымақтастық бойынша мол тәжірибесі бар.

Золтан Салаи, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің сенімді өкілі: «Қазақстандағы МШОК ең басты қиындықтарының бірі қаржыға қол жеткізу болып отыр. МШОК қолдау экономиканы әртараптандыруға және инновацияны дамытуға өте маңызды. ЕО және ЕҚДБ көмегімен басқа аймақтарда жүзеге асқан бұл бастама жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Біз Қазақстанда тура сондай жемісті болатынына сенімдімін», - деді.

Агрис Прейманис, директор, ЕҚДБ Қазақстандағы басшысы: «МШОК қаржыландыру бойынша оқыту бағдарламалары Орталық Азиядағы қаржылық институттар арасында өте танымал болды. Аталмыш бағдарлама заманауи технологияларды пайдаланып қана қоймай, Орталық Азиядағы кең аудиторияны қамтиды. Нәтижесінде МШОК қаржыландыру бойынша бағдарламаны тиімді ететіні сөзсіз», - деп атап өтті.

 «Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов: «Микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру және оларға қызмет көрсету саласында білім алмасу, оқыту және тестілеу үшін сандық платформа құру, қаржы секторының мамандарына бизнесті дамыту мақсатында қаржыландыру үшін жобаларды дайындау, іріктеу негіздерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір