• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:53:08
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Алматыда ОАУ студенттерімен латын әліпбиіне қатысты жиын өтті

Бекжан Қалиұлы Елбасыға таныстырылған латын әліпбиінің жобасы жайында да өз пікірін айтып, оны пайдалануға қолайлы деп атап өтті

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдік аппаратының қолдауымен 12 қазанда Орталық Азия университетінде белгілі қоғам қайраткерлері, тарихшылар және аталмыш оқу орнының студенттерінің қатысуымен латын әліпбиіне көші мәселесін талқылауға арналған жиын өткізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жүрген бүгінгі күн тәртібінің ең басты мәселесі ретінде қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесін айтуға болады.

ОАУ

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», - деп атап өткен болатын.

Бүгінгі өткен іс-шара Елбасының осы мәселеге қатысты арнайы құрылған республикалық жұмыс тобын қадағалаған кезде аталған мәселені халық арасында талқылап, көпшіліктің пікірін ескеру қажет деген тапсырмасы бойынша аталмыш оқу орынының студенттерімен латын әліпбиіне көшу мәселесін талқыға салып, жастардың пікірін саралау мақсатында ұйымдастырылды.

Бостандық ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекзат Қалиұлы мұндай жиындардың өте маңызды және де болашақта бұлар әлі жалғасын табатындығын айта отырып, латын әліпбиі қазіргі таңда қоғамда ең көп талқыланып жатқан өзекті мәселе екендігін айтып өтті.

«Бүгінгі іс-шара Бостандық ауданы әкімдік аппаратының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр. Қазіргі қоғамда қызу талқыланып жатқан қазақ алфавитін латын қарпіне көшіру мәселесі болып отыр. Бұл жайында Президент жылдың басында шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтқан болатын. Осыған орай, Бостандық ауданында әр түрлі мекемелерде, университеттерде, халық арасында елдің пікірін білу мақсатында түрлі іс-шаралар, жиындар өткізіліп, жан-жақты талқыланып жатыр», - дейді Бекжан Қалиұлы.

Сонымен қатар, Ішкі саясат басқармасының басшысы Елбасыға таныстырылған латын әліпбиінің жобасы жайында да өз пікірін айтып, оны пайдалануға қолайлы деп атап өтті.

«Жуырда ғана латын қарпіне көшу мәселесіне жауапты республикалық жұмыс тобы Елбасыға соңғы нұсқаны таныстырған болатын. ҚР Президенті өз сөзінде «халықтың пікірімен санасып, елдің көңілінен шығатын нұсқасын қабылдау керек» деп айтқан болатын. Бүгінгі жиын да осы мақсатта өткізіліп жатыр. Және де мұндай жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады», - дейді Бекжан Қалиұлы.

Бүгінгі жиында студенттер осы іс-шараға қатысқан мамандарға өздерінің сауалдарын жолдап, латын әліпбиінің нұсқалары жайында біршама мәлімет алды.

ОАУ

ОАУ

Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір