• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:12:46
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 NEWS

Алматыда Назарбаев даңғылы ұзартылады

Биыл Алматыдағы 89 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Алматыдағы атауы жақында ғана өзгерген Назарбаев даңғылына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Жансүгіров көшесіне дейін ұзартылатын болды. Бұл туралы Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исахов Аймақтық байланыс қызметіндегі баспасөз конференциясынан кейін айтты, деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Алматыдағы 89 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

"Қаланың әлеуетін көтеру үшін біз көлік жолдарын салып жатырмыз. Мысалы, 2017 жылы Абай даңғылын Әуезов көшесінен бастап қала сыртындағы "Қалқаман" ықшам ауданына дейін созып, қолданысқа бердік. Қазір Назарбаев даңғылының теміржолы арқылы Жансүгіров көшесіне дейінгі ұзарту жұмыстары жобаланып жатыр", - дейді Мақсұт Исахов. 

Көлік қозғалысы көп болатын Жароков, Зорге, Марков, Мұстафин, Солтүстік шеңбер, Абай, Мақатаев, Яссауи, Гагарин, Назарбаев, Майлин, Шәріпов, Байтұрсынов, Қабанбай батыр және Жамбыл көшелеріне де жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жасалады.

Сондай-ақ Мақсұт Исахов 2017 жылы Алматыда 184 шақырым көше жөнделгенін айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір