• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:27:46
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 Аймақтар

Алматыда мыңнан аса мемқызметші арқан тартып, гір тасын көтеруден жарысты

Барлық қатысушылар өте қызықты әрі тартысты ойындардын куәсі болып, уақыттарын көңілді өткізді

Алматыда мемлекеттік қызметкерлер спорт түрлерінен сынға түсті.

Спартакиада «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Шахмат, футбол, волейбол, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), үстел теннисі, қол күресі, гір көтеру және арқан тарту сынды спорт түрлерінен өткен жарыстарға 1100-ден астам адам қатысты. Жалпы саны 45 команда өзара мықтыны анықтады. Спартакиада екі күнге жалғасып, РСК және ҚазСТА-да өтті.

Барлық қатысушылар өте қызықты әрі тартысты ойындардын куәсі болып, уақыттарын көңілді өткізді. Спартакиаданың нәтижесінде құқық қорғау органдарының арасында жалпы командалық есепте Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші және үшінші орындарға сәйкесінше ішкі істер департаменті мен көмек қызметі жайғасты. Ал мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлер арасында жеңіс тұғырына Алматының мемлекеттік кірістер департаменті көтерілді. Одан кейінгі орындарға Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Наурызбай ауданының әкімдігі орналасты. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар, сыйлықтар және кубоктар табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір