• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:06:26
+35°

18 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда метрология және аккредиттеу жүйесін жетілдіру атты брифинг өтті

Алматыда «Қазақстан Республикасында техникалық реттеудегі метрология және аккредиттеу жүйесін жетілдіру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасында техникалық реттеудегі метрология және аккредиттеу жүйесін жетілдіру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифингке Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Әріпұлы қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті.

Қапаев Сауықбектің сөзіне сүйенсек, 2019 - жыл мемлекеттік бақылау жүйесі мен сәйкестікті бағалау саласын жетілдіру. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың екінші кезеңінің шеңберінде сәйкестікті бағалау жүйесін жетілдіру жұмыстары басталды, бірқатар проблемалық мәселелерді шешуді қарастыратын бірқатар заңнамалық актілерге ұсыныстар әзірленуде:

Біріншіден, сертификаттау сынақтарының нәтижелеріне өзара сенімнің төмендеуі;

Екінші проблемалық мәселе импорттаушылардың «тауарларды шартты түрде шығару» кедендік рәсімі арқылы сертификаттаудан жалтаруы болып табылады.

Техникалық реттеу, оның ішінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша ахуалды мәселелерді шешу бойынша жүйелік шаралар қабылдау үшін 2018 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай «Техникалық ретеу мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасы дайындалады. Осы заң актісін қабылдау 2019 жылы аяқталады, - деп хабарлады департамент басшысы Сауықбек Әріпұлы.

Өзінің құзыреті шегінде, 2017 жылы департамент электр және жылу энергиясын, денсаулық сақтау, байланыс қызметтері, жанармай құю станцияларын, сәйкестікті бағалау және салыстырып-тексеру зертханалары кәсіпорындарының қызметін тексерді.

Сонымен, жылдың қорытындысы бойынша 128 тексеру жүргізілді (олардың ішіндегі 53-і кестестеге сәйкес іріктеліп тексеру, 75-і жоспардан тыс шағымдар бойынша тексерулер), Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу бойынша 71 факт орын алды, бұл  тексерудің жалпы 55% құрады,-деп атап өтті ол.

Департамент Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың шеңберінде буып-түю өнімдерінің 109 үлгілерін жалпы сомасы 315 725,74 теңгеге сатып алып, оның ішіде 32 тауар түрі нақты салмаққа сәйкес келмегендігін анықтады.

Тексерудің қорытындылары бойынша айналымнан 3381 бірлік өлшеу құралдарын қолдануға жарамсыз және массаға сәйкес келмейтін 32 партия өнімдерін сатуға тыйым салу туралы, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Мемлекетік бақылаудың қорытындысы бойынша заң бұзушыларға жалпы сомасы 11 млн. 617 мың. 280 теңге әкімшілік айыппұл салынды, - деп сөзін қорытындылады Сауықбек Әріпұлы.

Алматы қаласында 969 зергерлік әшекейлерді сатуға тыйым салынған.

Бұл туралы толық ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Әріпұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Асыл тастар мен бағалы металдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, зергерлік бұйымдарды сататын 41 шаруашылық жүргізуші субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп және 36 ұйымда заң бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, уәкілетті ұйымдардың кодтарымен Қазақстан Республикасының «Барыс басы» белгісі және халықаралық «KZ» бірегей аббревиатурасы белгісі болмауы.

Анықталған заң бұзушылықтарға сәйкес 969 зергерлік әшекейлерді сатуға тыйым  салу туралы бұзушылықтарды жою нұсқамалары берілді және жалпы сомасы 6 580 100 теңге құраған әкімшілік айыппұлдар салынды,-дейді ол.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағына алып келінетін және Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылатын асыл тастар, зергерлік және басқада бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық Экономикалық Одаққа кірмейтін елдерден әкелінетін операцияларды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының аумағынан зергерлік бұйымдарды осы елдерге экспорттау үшін 2017 жылы 18 заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер арнайы есепке қойылды.

746 098 бірлік зергерлік бұйымдарға 331 мемлекеттік бақылау актілері берілді (оның ішінде 152 383 бірлікке 267 кіргізу актісі, 593 715 бірлікке 64 шығару актісі).

Департаментпен қаланың кәсіпорындарында және ұйымдарында басқару жүйелерін енгізу жүйесі тұрақты түрде талданып отырады.

Департаменттің жүргізген талдау көрсеткіші бойынша 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы қорытындысына сәйкес Алматы қаласында 2005 кәсіпорында СМЖ енгізді, - деп айтып өтті Сауықбек Қапаев өз сөзінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір