• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:22:27
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Аймақтар

Алматыда мемлекеттік қызметтер түрінің жәрмеңкесі болып өтті

Аталған шараға жалпы 922 адам келіп, оның 727-сі өздеріне қажетті мәліметтер алды, ал 195 адамға тікелей қызмет көрсетілді

Алматы қаласында әкім аппаратының «Open Almaty» қоғамдық қабылдау алаңында мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Жәрмеңке

Мемлекеттік қызметтер түрлерінің жәрмеңкесіне сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары және басқа да бағыттар бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін 23 мемлекеттік орган қатысты.

Аталған шараға жалпы 922 адам келіп, оның 727-сі өздеріне қажетті мәліметтер алды, ал 195 адамға тікелей қызмет көрсетілді.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – халыққа кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету және де мемлекеттік қызметтерді насихаттау. Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсына тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру болып табылады.

Жәрмеңке

Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Байқанова Айгүл бұл шараның негізгі мақсатына тоқталып өтті.

«Бүгін біз мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізіп жатырмыз. Оның мақсаты – халыққа мемлекеттік қызметті қалай алу керектігін кеңінен түсіндіру, тарату. Тоғыз айдың есебі бойынша Алматы қаласында 9 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 60%-ы ғана электронды үкімет және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіліпті. Ол – өте төмен көрсеткіш. Ал қалған 40%-ы қызметті мемлекеттік органдарға барып алып жатыр. Бұл – өте ыңғайсыз және де шенеунік пен халық арасында кездесу болғандықтан сыбайлас жемқорлыққа септігін тигізуі мүмкін. Кезінде, халыққа қызмет көрсету орталықтары қоғамдағы жемқорлықты жою мақсатында ашылған.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің барлығы автоматтандырылып жатыр. Соны электронды үкіметтің бағытын, сол арқылы мемлекеттік қызметті алудың дұрыс жолын көрсету үшін бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз», - дейді Байқанова Айгүл.

Жәрмеңке

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің маңыздылығын атап өткен департамент басшысы бұл шараның халыққа көптеген пайдасын тигізетіндігін айтады.

Оның айтуынша, жәрмеңке басталғаннан екі сағаттың ішінде екі жүзге жуық адам келген.

Айта кетер болсақ, жалпы, Алматы қаласында 478 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, ұсынылатын қызметтердің жалпы саны 353-ті құрайды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің 60%-ы көрсетіледі.

Жәрмеңкеге  келушілердің басым көпшілігі  салық төлемдерін жүргізудің тәртібі мен шарты, адвокаттық және наториалдық қызмет бойынша лицензиялар алу, жер телімдері, жылжымайтын мүліктерді ресімдеу туралы сұрақтар қойды.

Көпшілік тарапынан электронды цифрлы қолтаңба, мекенжайы және сотталмағандығы туралы анықтама алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқықтары, медицина ұйымдарына тіркелу және электронды қызметтердің өзге де түрлері бойынша сауалдар көп  түсті.

40 адамнан медициналық ұйымдарға тіркеу бойынша өтінім беріліп, оларға электронды цифрлы қолтаңба алған соң қызмет көрсетілді.

Мұндай  мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі қаланың барлық ауданында жалғасатын болады. Жақын арады Түрксіб және Наурызбай аудандарында жәрмеңке өткізу жоспарланған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір