• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:01:10
Алматы
+35°

16 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматыда мандаттық комиссия өз жұмысын аяқтады

Алматы қаласында жаңа сарбаз қатарында болу үшін қорытынды кезеңнен 60 әскерге шақырылушы мандаттық комиссиядан өтті

Алматы қаласында жаңа сарбаз қатарында болу үшін қорытынды кезеңнен 60 әскерге шақырылушы мандаттық комиссиядан өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Алматы қаласында күзгі әскерге шақыру мерзімі аяқталуға жақын қалды. Әрбір әскерге шақыру Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Амантай Өсербаев және Алматы қаласы Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Жасұлан Байкеновтің, Аумақтық қорғаныс және жұмылдыру бөлімі бастығының, Алматы қаласы ҰҚК департаменті бастығының, басқа да мемлекеттік басқару органдарының өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

Отанды қорғауға және қызмет етуге әрбір әскерге шақырылушының ниеті зор. Олар Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник А.С.Өсербаев мырзаның сұрақтарвна нақты-нақты жауап берді.

— Өз еркімен бара жатырсың ба?

— Иә!

— Өз ықыласыңмен бе?

— Денсаулық жағадайың бойынша шағымың бар ма?

— Жоқ!

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдарының басшылығының шешімі бойынша шақыру комиссиясы құрылып, оның төрағасы болып Алматы қаласы Әкімі орынбасары тағайындалады. Мандаттық комиссиядан кейін барлық комиссия мүшелері қол қойылған хаттама толтырылады. Хаттама негізінде әскери билет жазылады. Содан кейін Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі депантаменті бастығының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің анықталған әскерге шақырылушыларын шақыру туралы бұйрығы шығарылады. Әрбір әскерге шақырылушы әскери билетті алғандығы туралы қол қояды» - деп Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Ф.Құрманғажинов мырза ақпарат берді.

Сонымен қатар Алматы қаласында 2000 жуық әскерге шақырылушы әскерге аттанады. Әсіресе, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік Күзет қызметіне, Ұлттық Ұланға жасақталады. Өскелең ұрпақ Гтан алдындағы борышын өтеу қажеттігін ешқашан ұмытпау керек. Отанды қорғау - елді қорғау. Ал елді қорғау - мемлекеттің тыныштығы болып табылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір