• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:36:53
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда КТК телеарнасының операторы із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда КТК телеарнасының операторы із-түзсіз жоғалып кетті.

Алматыда КТК телеарнасының операторы із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы оның әкесі айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуы бойынша, Олжас Белгібаевке 5 күн бойы іздеу салған. Ол сенбіде киноға барамын деп үйінен шығып кеткен көрінеді. Бүгінге дейін жігіт өз үйіне қайта оралмады. Ал досының айтуы бойынша, Олжастың ұялы телефоны сөндірулі, соңғы рет сенбіден жексенбіге қараған түні әлеуметтік желіні қолданған.

Олжастың әкесі полиция қызметкерлеріне арыз жазғанын айтты. Алайда іздеу жұмыстары әлі күнге дейін нәтижесіз.

Алматы қаласының ІІД хабарлауы бойынша, қазіргі кезде Бостандық ауданында ІІБ жедел іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Белгібаев Олжасты жедел іздеу жұмыстары оның тұрғылықты мекен жайында жүргізіліп жатыр. Жоғалған жігітті іздеу барысында жаңа технологиялар мен әр түрлі іздеу нұсқалары қолданылуда», дейді ІІД баспасөз қызметкері Салтанат Әзірбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір