• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:30:17
Алматы
+35°

16 Шілде, 2018 Әлеумет

Zakon.kz редакциясына алматылық қыз хабарласып, автобуста өзінің соққыға жығылғанын айтқан. Оның айтуынша, ол жол ақысын төлегеннен кейін билет талап еткені үшін соққыға жығылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жәбірленуші автобуста Оңай картасында ақша бітіп қалғанын көргеннен кейін жол ақысын жүргізушіге береді, алайда жүргізуші билет беруден бас тартқан.

«Бұл жағдай жексенбі күні сағат екілер шамасында болды. Кеше Назарбаев пен Төле би көшелерінің қиылысындағы аялдамадан №79 автобусқа отырдым. Картада ақша бітіп қалғанын көргеннен кейін автобус жүргізушісіне 200 теңге төледім. Осыдан кейін билет беруін сұрап едім, ешкімге билет берілмегенін айтты. Жүргізушінің сөзіне сенбедім. СМС арқылы жол ақысын төлеуге болатыны есіме түсіп, ақшаны қайтарып беруін сұрадым. Мен хабарлама жібердім, бірақ техникалық ақауларға байланысты жол ақысы алынбады. Жүргізушіден көмек сұрап едім, дөрекі түрде жауап берді де ақшаны беруді сұрады. Сол кезде «билет бересіз бе?» деп тағы сұрадым. Ол бермейтінін айтып, бұдан былай оған мүлде сөйлемеуге кеңес берді» дейді И.Ақбергенова.

Осыдан кейін жолаушы Green Bus Company автопаркіне қоңырау шалған, бірақ ешкім телефонды көтермеген. Осыдан кейін контроллер әйелдің қолынан телефонды жұлып алып, салонға лақтырып жіберген.

«Green Bus-қа қоңырау шалдым. Телефон сөндірулі болды. Интернетте басқа номерлерді іздей бастадым. Кондуктор кірді. Оған мән-жайды түсіндіре бастап едім, мүгедек екеніме қарамастан қолымнан ұстап сілкілеп, жол ақысын төлеуімді талап етті. Қолымды жіберуімді өтініп, неліктен бұлай жасап жатқанын сұрадым. Ол менің сөзімді пысқырмады да. Оның бейджигін суретке түсіру үшін телефонымды шығарып едім, телефонымды қолымнан жұлып алып лақтырып жіберді. Сөмкемді жұлқылай бастады. Ол автобустан шығып немесе айыппұл төлеуімді талап еткен жоқ. Менің бар кінәм төлем неге өтпей жатқаны мен билет неліктен берілмегенін сұрағаным. Ол өзін өте дөрекі ұстады. Сөмкемді жыртуға сәл-ақ қалды. Осыдан кейін ол Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында түсіп қалды», дейді жолаушы.

Алматылық қыз полицияға шағым түсірді. Автобустан шыға сала әйел жарақатын түсіріп, жақын маңдағы ауруханаға барды. Болған жағдайға қарамастан Ақбергенова контроллерді жұмыстан шығаруын талап етпеймін деп отыр.

Арыз

«Компаниядан мұндай жағдай екінші мәрте қайталанбауы үшін арнайы шара қолдануын сұраймын. Контроллерді жұмыстан шығарғаннан мәселе шешілмейді. Олар әдептілікті сақтау керек қой» деді Алматы тұрғыны.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір