• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:21:26
+35°

19 Ақпан, 2018 NEWS

Алматыда көлік жүргізушісі апаттан зардап шеккен адамға күш көрсеткен

Біреуі пышақ ұстап: «Есікті аш. Бәрібір сені шығарамын» деді.

Алматыда мас күйдегі көлік жүргізушісі жол-көлік апатына себеп болып, зардап шеккен адамға қоққан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған ол Toyota маркалы автокөлігімен Жамбыл көшесімен батыс бағытта жүріп келе жатқан Lexus-ке соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны сонша, Lexus жүргізушісі апаттан соң есінен танып қалған. Зардап шеккен адам есін жиғанда қасына екі ер адамның келгенін байқаған. Олар зардап шеккен ер адамға дауыс көтеріп, көліктен шығуын талап еткен.

«Қызыл жанғанда тоқтадым. Бір мезетте қатты соққыны сездім. Есімнен танып қалдым, есімді жиғанда екі адамның қасыма келгенін көрдім. Олар тереземнен қағып, көліктен шығуымды талап етті. Біреуі пышақ ұстап: «Есікті аш. Бәрібір сені шығарамын» деді. Мен оларға: «Жігіттер, бұл менің кінәм емес, бәрін шешеміз» дедім. Осыдан кейін олар көнгендей болып, шет жаққа барып тұрды»,-дейді зардап шеккен.

Ол көліктен шығып, полицияға хабарласа бергенде, екі ер адам ұялы телефонын тартып алмақшы болған. Нәтижесінде телефон жерге құлап, сынған. Осы уақытта полиция оқиға орнына келіп жеткен.

Белгілі болғандай, Toyota көлік жүргізушісі көлікті мас күйде, жүргізші куәлігі жоқ бола тұра жүргізген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір