• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:49:29
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 NEWS

Алматыда көлік ұрлаумен айналысқандар ұсталды

Жеңіл автокөлік ұрлығымен айналысқандар құрықталды

Алматыда көлік ұрлығымен айналысып, ұйымдаса  қылмыс жасап жүргендер құрықталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

34 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы мен 32 жастағы Алматы тұрғыны бірлесіп, Алматыдағы «ВАЗ», «Лада» маркалы көліктерді ұрлаумен айналысып келген. Бүгінде полицияға көлігінен айрылған 8 адам арыз түсірген.

Тергеушілер аталған қылмыстарға өзбекстандық азамат пен Алматы тұрғынының қатысы барын анықтады. 4 машина Шымкент қаласынан, ОҚО-дан, 1 көлік Алматы облысынан табылды. Және бір көлік Астанаға жеткізілгені анықталды. Қазір 6 машина да заттық айғақ ретінде тәркіленді. Тергеушілер күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір