• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:13:39
+35°

13 Қараша, 2017 NEWS

Алматыда көктайғақ салдарынан жантүршігерлік жол апаты орын алды (фото)

Оқиға орнындағы маңайда құдықтан су ағып жатқандықтан, көктайғақ пайда болған.

Алматыда қалалық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам ауруханаға жатқызылды, бір адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 
Жол апаты Тәтібеков көшесі бойында болған. Toyota Mark II көше бойымен шығыс бағытта келе жатады, ал 54-ші бағдарлы автобус – батыс бағытта.
 
Көктайғақ салдарынан автокөлік қарсы беттік қозғалыс жолағына өтіп кеткен. Автобус жүргізушісі тежегішті басқанымен, Toyota оған бар жылдамдықпен келіп соғылады. Соққы салдарынан автобус бордюрге шығып кеткен.
 
Оқиға орнындағы маңайда құдықтан су ағып жатқандықтан, көктайғақ пайда болған.
 
Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен бес жолаушы зардап шекті. Toyota жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
а
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір