• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:32:53
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2016 NEWS

Алматыда KitapFest - 2016 кітап фестивалі өтті

Алматы қаласында дәстүрлі KitapFest фестивалі  өтті, - деп хабарлайды

Алматы қаласында дәстүрлі KitapFest фестивалі  өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл фестивальде кала тұрғындарына бірнеше мың кітап тегін таратылды.

Бұл шараның басты мақсаты жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқырмандарға әдебиеттің маңызы мен деңгейін түсіндіру. Оны іске асыру үшін ұйымдастырушылар қонақтарға түрлі бағдарламалар ұсынды. Оның ішінде иллюстрациялы және қазақстандық жазушылардың кітап көрмесі, Live-концерт, түрлі байқаулар мен акциялар болып, жас ақындар өз өлеңдерінен шашу шашты. Фестивальді ұйымдастырушылар заман ағымы канша алға басса да кітап оқу дәстүрі артта қалмайтынын тағы да еске салды.

Серік Тілепберген

Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір