• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:10:17
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда KIHE-2018 аясында соңғы үлгідегі техникалар таныстырылды

Алматыда өткен Қазақстанның ең ірі медициналық көрмесі - KIHE 2018 аясында 300 ге жуық соңғы үлгідегі техникалар таныстырылды

Алматыда өткен Қазақстанның ең ірі медициналық көрмесі - KIHE 2018 аясында 300-ге жуық соңғы үлгідегі техникалар таныстырылды.

Алматыда медицина және фармацевтика индустриясы мамандарының қатысуымен өтетін дәстүрлі көрме 2 күнге созылады. Мұнда заманауи мүмкіндіктерге ие диагностикалық және емдеу  технологиялары таныстырылады.

Көрмеге электронды медициналық жабдықтар мен медициналық технологиялар, зертханалық құралдар, оптика және офтальмология, құтқару жабдықтары мен жедел-жәрдем құралдары, ортопедия және оңалту, ауруханалар мен санаторийлерге, фармакологияға арналған 300-ге жуық жабдықтар қойылған.

Сондай-ақ, КТ мен МРТ аппаратаны ауыстыра алатын заманауи УДЗ жабдығы таныстырылды.

Адамның бүкіл ағзасын - көз, ми, тамыр ішкі органдардың барлығын зерттеуге мүмкіндік береді.

Көпшіліктің назарын Кореяда жасалған лор комбаины аударды. Бұл Лор дәрігерінің жұмысын жеңілдететін бірден-бір аппарат. Құлақ , мұрын, тамақ ауруларының диагностикасын жасауда әрі емдеуде өте қажетті апарат.

Лор комбайнның көмегімен  Физиотерапевтикалық модульмен  емдеу жұмыстарын жүргізуге болады. Мұның көмегімен мұрын қуысы, құлақ жолдарын тазалауға болады.

Отандық өнім болып саналатын төсек травмотологиялық жарақаттарды емдеуге арналған. Бұл төсектің науқас үшін тиімділігі сол, оның отыруына жағдай жасай алатын арқа бөлігі мен тізесін бүгуге қолайлы төменгі тұсы иілгіш келеді.

Шала туылған нәрестелерге арналған инкубатор сәбиді өз анасының құрсағындағыдай атмосфераға бөлей алады. Еліміздің көптеген перинатологиялық орталықтарында кездесетін бұл аппарат көпшілік тарапынан мақтауға ие болған.

Айта кетейік, көрмеге әлемнің 17 елінен 170 компания қатысты. Олар Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иордания, Қазақстан, Қытай, Корея, Латвия,  Польша, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция және Чехия елдерінің танымал өндірушілері болып табылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір