• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:27:00
Алматы
+35°

21 Сәуір, 2018 Аймақтар

Алматыда ірі сауда орталықтары тексерілді

Алматы қаласы да мұндай тексерістерден шет қалмады

Ресей­дің Кемерово қаласында аса қай­ғылы оқиға орын алғаны белгілі. Сон­дағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болып, нәтиже­сін­де 63 адам, оның ішінде 41 бала қай­ғылы қазаға ұшыраған еді. Осыған орай Қазақ­стан Үкіметі бірден өзіміздегі қауіп­сіздік жағ­дайын қолға алды. Сөйтіп, тиісті орындар дереу ірі ойын-сауық сауда орындарын лаңкестіктен қор­ғау үшін жаппай тексеріске алды.

Әрине, Алматы қаласы да мұндай тексерістерден шет қалмады.  2015 жылы ҚР Үкіметінің «Лаңкестік тұрғы­сындағы әрекеттер алдында әлсіз нысан­дарды лаңкес­тіктен қорғау жөніндегі» қаулысы қабылданған болатын. Соның негі­зінде екі топқа бөлінген көпшілік орындар қатаң тексеруге жат­қызылды. Бұл ретте қалалық ІІД-нің Экстремизмге қарсы іс-әрекет жөніндегі басқармасы мен Жер­гілікті полиция қызметі бірлесіп мегапо­листегі қоғамдық тамақтан­дыру орын­дарын, ойын-сауық сауда орталықтарын, стадион­дарды, сосын балабақшалар мен мектептерді, колледждер мен универ­ситеттерді және басқа әлеуметтік маңыз­ды нысандарды тексеріп шықты.

Бұл үшін басты назар олардың анти­террористік қорғалуына бөлінді. Ол үшін әр нысанда лаңкестікке қарсы үлгілі төлқұжат болуы керек екен. Ал ол құжатта аталған нақты ғимараттың аумағы қанша болуы керектігі және ол қанша орынға лайықталғаны көрсетілуі қажет. Әрі олардың барлығы күзет дабылы, жүйелі хабарлау, қадағалау және кіріп-шығуды басқару, сондай-ақ, жүйелік бейнебақылау құралдары­мен міндетті түрде жабдықталуы тиіс болатын.

Міне, осы талаптар тиісті деңгей­де орындалмаған жағдайда лаңкестік тұрғыда әлсіз деп танылған нысан иесі немесе жетекшісі кінәлі деп табылады және ҚР ӘЖ Кодексінің 149-бабының 1-тар­мағы бойынша жеке және лауазымды тұлғаларға 200 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар субъек­тілері үшін – 300 АЕК, орта кәсіпкерлік субъек­тілері үшін – 500 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъек­тілер үшін – 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Аталған тексерістер қоры­тындысы бойынша алматылық ойын-сауық сауда орталықтарының иелері мен басшы­ларына барлығы 20 млн. теңге көлемінде айыппұлдар салын­ған. Оның үстіне, биылғы жыл­дың екінші тоқсанында сауда орталық­тары мен қоғамдық тамақ­тандыру орындарын тағы да тексеру жоспар­ланған. Соған дейін бірінші тек­серуде анықталған кемшілік­тердің бәрі жойылып бітуі тиіс.

Алматы ақшамы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір