• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:07:39
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Алматыда ірі өрт болды (фото)

Куәгерлердің айтуынша, өрт қоймалардан басталған, кейін мұнай компаниясының ғимаратын жаулады.

18 қазанға қараған түні Алматыда ірі өрт болды. Өрт «ҚазтрансГаз» ғимаратын басып, өзге ғимараттарға тарады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, өрт қоймалардан басталған, кейін мұнай компаниясының ғимаратына көшті.

Өрт

Департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, Жетісу ауданы, Рысқұлов көшесіндегі қоймада өрттің шығуы туралы хабар сағат 03:00-де келген. Ал өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттан соң, сағат 03:03-те жеткен.

«Өрт сөндірушілер келген сәтте жағдай мынадай болды: 2 қабатты кеңсе ғимаратының төбесі жанып тұрды. Өрттің өзге ғимараттарды жаулау қаупі бар еді. Өрт учаскесінде штаб құрылды, өртпен күресу үшін 4 жауынгерлік алаң құрылды», - деді Баймұхамбетова.

Өрт сөндіру барысында Алматы қаласы өрт сөндіру қызметінің 100 қызметкері мен 34 техникалық бірлігі тартылды.

Өрт ғимараттың көп бөлігін басып қалған.  

Өрт

Өрт

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір