• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:54:01
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2018 NEWS

Алматыда II Халықаралық вокалистер конкурсы өтті

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі Кәукен Кенжетаев және Шабал Бейсеков атындағы II Халықаралық вокалистер конкурсын өткізді

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі Кәукен Кенжетаев және Шабал Бейсеков атындағы II Халықаралық вокалистер конкурсын өткізді.

Сәуір айының 25 ші жұлдызы күні П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Е.Серкебаев атындағы Үлкен залында Кәукен Кенжетаев және Шабал Бейсеков атындағы II Халықаралық вокалистер конкурсының салтанатты ашылуы өтіп ары қарай байқау басталып кетті. Байқаудың басты серіктесі – ҚР Елбасы Тұңғыш Президент қоры. Конкурстың басты мақсаты - қазақ опера өнерінің талантты орындаушыларын шығару. Қазақстанның кәсіби музыкасын дамытуға үлкен үлестерін қосқан, опера өнерінің әйгілі қайраткерлері Кәукен Кенжетаев пен Шабал Бейсековтің есімдерін қайта жаңғырту. Берілген жоба Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұлттық мәдениетіміз және оның шығу тарихын қайта жаңғырту жөнінде айтылған «Рухани жаңғыру. Болашаққа бағдар» атты мақаласынан тамыр алған болатын.

Алматы

Екінші халықаралық вокалистер конкурсына Қазақстан Рсепубликасының түкпір-түкпірінен келген 60қа жуық студент қатысты. Байқаудың әділқазылар алқасы Хафиз Есимов – Профессор, ҚР Халық әртісі, Гульзат Даурбаева –ҚР еңбегі сіңірген қайраткері, Абай атындағы ҚМАОБТ орындаушысы, төрайымы – Торғын Смаилова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал өнері» кафедрасының меңгерушісі Зина Сарыгулова – доцент (Қырғызстан), Танагуль Бекназарова – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Академиялық ән салу» бөлімінің меңгерушісі сынды тұлғалардан құралды.

Алматы

Конкурстың нәтижесі бойынша Бас жүлде иегері Еркинбаев Жандарбек – Алматы қ., Ж.Елебеков атындағы Эстрада цирк колледжі,

1 орын

Кадырханов Мерей- Ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚО өнер училищесі,

2 орын

1. Әбдіәшімұлы Айбек- Астана қ., Қазақ Ұлттық өнер университеті (колледж)

2. Жақсылық Мирас Астана қ., Қазақ Ұлттық өнер университеті (колледж)

3. Сұлтан Әділ- Астана қ., Қазақ Ұлттық өнер университеті (колледж

 

3 орын

1. Саматов Мақсат - Ж.Елебеков атындағы Эстрада цирк колледжі,

2. Шонов Самат- П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі

3. Мұса Дамир- П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі

4. Мәдениетова Еркежан- Алматы қ., А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі директорының арнайы сыйлығы

1. Серікбайұлы Шыңғыс- П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір