• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:42:19
+35°

05 Қазан, 2017 NEWS

Алматыда ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Конференцияға қатысушыларға қатысқандығы туралы куәландыратын сертификаттар беріледі

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және Басқарманың 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге «Рухани жаңғыру жағдайында жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция (бұдан әрі – конференция) өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның міндеті мен мақсаты: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.

Мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне, бұл саладағы озық іс-тәжірибелер мен қол жеткізген оң нәтижелерге талдау жасау және  сонымен бірге орын алып отырған мәселелер мен оны шешудің жолдарын қарастыру.

Конференцияға қатысушылар. Конференцияға тіл білімінің белгілі ғалымдары, қазақ тілінің оқытушылары, жергілікті атқарушы органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері мен тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары,  қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды.

Конференцияға қатысушыларға қатысқандығы туралы куәландыратын сертификаттар беріледі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір