• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:09:28
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда Еуразиялық медиафорум алаңында әлемнің 60 елінен 600 тарта белгілі маман 15-жыл қатарынан бас қосты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еуразиялық медиа форум осыдан 16 жыл бұрын Алматыда тұңғыш рет өткен болатын. Бүгін 8 жылдан кейін Алматы қайтадан шетелдік және еліміздің түкпір-түкпірінен келген медиа саласының өкілдерін қарсы алуда.

«Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» деген тақырыпта өтіп жатқан Еуразия Медиа Форумының ашылуына Елбасының құттықтау хатын Ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев оқып берді.

Мерейтойлық медиафорум барысында белгілі қазақстандық және шетелдік БАҚ саласының майталмандары тәжірибелерімен бөліспек.

Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиа форум барысында ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева «Ашық интернет алаңы тек қана талантты журналистерге ғана есік ашқан жоқ. Сонымен қатар, ақпараттық соғыстың көзге көрінбейтін сарбаздарына да жол ашты. Фейктермен трольдер жалған ақпарат шығарып, қоғамдық пікірге ықпал ете бастады. Олардың қасында таблоидтар абыройлы болып отыр. Ғаламтордың қарқынды дамуы, әлеуметтік желілердің өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны әлемді түбегейлі өзгертті. Девайстар мен гаджеттер қолжетімді. Бұл кез келген адамның медипроцеске қатысуына кепілдік беріп отыр. Блогерлер мен желілік авторлар беделді журналистермен бәсекеге түсіп жатыр. Соның кесірінен ірі басылымдар тираж жоғалтуда», - дейді.

Ал, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Халықаралық қатынастардың эволюциясы: ғаламдағы салқын леп» тақырыбындағы Еуразиялықмедиа форумының бірінші пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде «Заманауи әлемдегі турбуленттік пен болжамсыздықтың артуы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын арттырды», - деп мәлімдеді.

«Медиафорум - ақпарат алмасудың теңдессіз алаңы. Сіздер БАҚ бетінен көріп жүрген тұлғалардан ақпарат алып, қызықтырған мәселелеріңіз жайлы сұрай аласыздар», - деді курд журналисі Мохамад Ахмад Албрази.

Бүгін форум алаңында Юсуф Омар, Ұлыбританиядағы әскери журналист Шахид Туляганов, «New Eastern Europe» журналының бас редакторы Ивона Райхардт, саясаткер Бартош Рыдлиньски, консультант Шуберт Медиа Тайра Шуберт, CEO Select Communication Group журналисі Виктор Елисеевтің шеберлік сабақтары өтті.

«ЕАМФ 2018 заманауи ақпараттың нарықтағы аса өзекті мәселелер: өзара ықпалдасу мүмкіндіктері, ақпараттық технологиялардың қарқынды өсуі талқыланады. Осы форум нәтижесінде келушілерге көп жылдық тәжрибеміз бен білімімізді, заманауи сын қатерлерге жауабымызды паш ететін боламыз», - деді Еуразиялық медиафорумның бас директоры Руслан Жемков.

Осыған дейін форумдарға BBC өкілі ретінде қатысып жүрген Шахида Туляганова әскери корреспондент ретінде қауіпті аймақтарда деректі фильм жасау барысында жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.

ЕАМФ 2018 Алматыда 3 күн қатарынан өтеді.

Айта кететін болсақ, өткен жылы Астанадағы ЭКСПО-2017-нің Конгресс-орталығында «Ымыраға келу жолдарын іздестіру» тақырыбында XIV Еуразиялық медиа-форум өткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір